12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

КҮЗЕТШІЛЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫМЕН БІРЛЕСІП ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗДІ. WWW. ENBEK.KZ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНЫҢ БІЛІКТІ ЕҢБЕК БӨЛІМІНДЕ ІІІ ТОҚСАНДА АЛМАТЫ БОЙЫНША 19,3 МЫҢ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛЫПТЫ.

Оның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіп жұмысшылары үшін – 5012, кәсіби мамандар үшін – 4325, техник мамандар мен өзге де көмекші персоналдар үшін – 3243, өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар, жүргізушілер – 1522, әкімшілендіру саласындағы қызметшілер үшін – 1419 бос жұмыс орны бар. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметі бойынша, Алматыда күзетші (702 бос жұмыс орны), әлеуметтік қызметкер (629 бос жұмыс орны) және дәнекерлеуші (567 бос жұмыс орны) ең тапшы мамандықтар болып тұр. Ал сұраныстан ұсынысы тым артық мамандықтар қатарында хирург (64 түйіндеме), терапевт (63 түйіндеме) және шет тілі мұғалімі (58 түйіндеме) бар. Статистикалық деректерге қарағанда күзет қызметі мамандарына еліміздің барлық аймағында сұраныс бар. Осыған қарамастан олардың орташа жалақысы елімізде тұрақты емес. Мәселен, биыл қаңтарда ол – 118 541теңге болса, одан кейінгі айларда төмендеп маусымда – 75 843 теңгеге дейін азайған. Ал шілдеде – 89,2 мың, тамызда – 111,4 мың, қыркүйекте – 111,8 теңгені құрапты. «Қай есікке кірсең де алдыңнан күзетші формасын киген қазақтың тепсе темір үзетін жігіттері шығады. Күзетшілік – қазақтың ғана маңдайына жазылған ба? Қазақ жігіттері білім игеріп, кәсіп меңгеруге шорқақ. Қарауыл болып тапқан азын-аулақ жалақыны қанағат етуге намыстанбайды. Еркектер табыс тауып, отбасын асыраудың орнына әйелдердің артына тығылатын ез, жатып ішер жалқауға айналып бара жатыр» деген сияқты жазбалар мен әңгімелер қазір әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында аз айтылып, жазылып, көрсетіліп жатқан жоқ. Оған кейбіреулер бой үйретіп алса, енді бірі көпшілік бас қосқан ортада өзінің істеп жүрген кәсібін айтудан қысылып-қымтырылатын болды. Біріншіден, қызмет формасында айырмашылық болмаған соң көпшілік қауым күзетші, қарауыл, вахтер деген ұғымдардың айырмасын әлі толық түсінбейді. Екіншіден, күзет саласында қызмет ету үшін білімнің қажеті жоқ деген түсінік басым. Үшінші, күзетші, қарауыл болу – жалқаулардың ісі дейтіндер де аз емес. Төртінші, бұл мамандықтың мәртебесі заң жүзінде нақтыланғанымен, оның абыройы мен беделін көтеруге ешкім көңіл бөлмейді. Сондықтан мектеп қабырғасында «Кім боласың?» деген сауалға біреу күзетші болғым келеді десе немесе «Мен күзетші болғым келеді» деп шығарма жазса бәрі күле қарайтын жағдайға жеттік. Шындығында күзет жүйесінде қызмет ету намыстанатындай мамандықтың қоры емес. Оған да білім, дағды, біліктілік керек. Тіпті кейде онда бір орынға бірнеше адам таласып, қатаң іріктеуден өтуге тұра келетін жағдайлар жиі кездеседі. Ал біреудің мүлкі мен меншігін теріс пиғылдағы адамдардан кез келген жағдайда қорғау тұрмақ, қараңғыдан қорқатын немесе аяқ қолы бүтін боп тұрып өзінің жеке басын қорғауға дәрменсіз адамға мұндай жауапты қызметті сеніп тапсыруға ешкім тәуекел ете қоймасы анық. Ендеше отбасындағы, қоғамдағы тәрбиеде кеткен олқылықтың бәрін ұлтқа не адамның жынысына тіреп қою ешбір ақылға қонатын іс емес. Мәселен, аялдамада қоғамдық көлікті күтіп тұрып, танысқан Жалғас деген бір азамат өзінің Алматыдағы атағы дардай жоғары оқу орнын бітіргенмен, бір жылдай мамандығы бойынша жұмыс таппай үйде отырып қалғанын айтты.
– Түйіндемемді көтеріп анда да, мұнда да бардым. Ешбір мекеме жұмысқа алмады. Сосын дипломды сандыққа салып қойып, таныстардың көмегімен бір мекемеге күзетші болып орналастым. Құдайға шүкір, әлі күнге дейін отбасымды адал еңбегіммен асырап отырмын. Ешкімге алақан жайып, көмек сұрап барған жоқпын. Тіпті бұрын 2 күн істеп, бір күн демалсам. Қазір қосымша тағы бір жерге жұмысқа тұрдым. Тапқан табысымнан жырымдап жинап жүріп қаланың шетінен болса да, жер алып, ағайын-туыстың көмегімен баспана тұрғыздым. Бұрын ауылдағы ағайын мен кластас дос-жаранға күзетші болып жүрмін деп айтуға қысылатынмын. Қазір пәтер жалдап тұратын және қожайындарының қас-қабағына қарап бірде анда, бірде мұнда көшіп-қонып жүрген олардың кейбірі менің осы тірлігіме қызыға қарайды. Өйткені мен бір кезде өзім қалап оқыған кәсіптің иесі атанбасам да, қазіргі мамандығымды мақтан тұтам. Қайта осы қызметте жүріп, ер адамның еңбегін қажет ететін үйдегі түрлі жөндеу жұмыстары мен өзге де ұсақ-түйек шаруаның бәрін ғаламтордан көріп, меңгеріп алдым. Тіпті кейде демалысты пайдаланып, көрші-қолаңның да шаруасын істеп беріп, өз ризашылығымен бергенін қанағат тұтып, алғысына бөленем. Мен үшін мамандықтың жаманы жоқ. Өзін-өзі таба алмай, әр саланың басын бір шалып жүрген адамдарға менің бұл сөзім күлкілі көрінетін шығар, – дейді Жалғас.

ӘРКІМ ӨЗІНЕ ТИЕСІЛІ НӘПАҚАСЫН ӘР САЛАДАН ТЕРІП ЖҮР. БІРЕУ АҚЫЛ-ОЙЫН,ИДЕЯСЫН САУДАЛАСА, ЕНДІ БІРІ КҮШ, ЕҢБЕГІМЕН ТАБЫС ТАБАДЫ. ҚАЛАЙ ДЕСЕК ТЕ, ТАЛҒАМ ДА МАМАНДЫҚТЫҢ ӨЗІ СЕКІЛДІ, САН САЛАЛЫ. КҮЗЕТШІЛІК ТЕ СОНДАЙ ҚАЖЫР-ҚАЙРАТ ПЕН ЕРЕКШЕ ЕРІК-ЖІГЕРДІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚТЫҢ БІРІ. ЕНДЕШЕ, МҰНДАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ СҰРАНЫСТЫҢ КӨП БОЛУЫ ДА ЗАҢДЫ.
Е. КЕБЕКБАЙ

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.