Кәсіпкерлер қант тапшылығына байланысты министрліктен көмек сұрады

Қазақстанда қант бағасының шарықтауына байланысты мыңдаған кәсіпкер банкрот болуы мүмкін. Олар Ауыл шаруашылығы министрлігінен көмек сұрады. Айтуларынша, қазір кәсіптері пайда әкелудің орнына шығынға ұшыратқан. Ал қант тапшылығы дұрыс жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Елдегі қант тапшылығы салдарынан 60 мың қоғамдық тамақтану орыны зардап шеккен. Ассоциация өкілдері дәмхана мен мейрамханалардың екі жыл бұрынғы деңгейге жете алмай жатқанын мәлімдеді. Кей аймақтарда қант мүлде болмаса, енді бірінде қымбат бағаға сатылып жатыр. Ал тамақтану нысандарының әр қайсысында ондаған миллион қарызы бар екен. Кәсіпкерлер бағаны өсіру тиімсіз екенін алға тартады. Себебі клиенттерден толығымен айрылып қалуы мүмкін. 

«Мәзірдің 90%-да қант қолданылады. Нан, ет және т.б. қолданылады. Барлық маринадтар мен соустарда да. Бағасы шарықтап кетті, келісі 800-900 теңге. Ал бағаны өсіру бізге тиімсіз, пайда алып келмейді. Өйткені пандемия кезінде келушілердің 30%-нан айрылдық», – деді Қоғамдық тамақтану ассоциациясы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова. 

Қазір шағын кондитерліктер мен кофеханалар көбірек зардап шегіп жатыр. Мұндай мекемелер күніне 100 келіге дейін қант қолданады екен. 

«Бұрын жеткізушілер арқылы қол жетімді бағада қант ала алатын едік. Қазір барлығы өзгерген, баға 2 есеге өсті. Келісін 1 000 теңгеге сатады, тіпті осы бағаға да таба алмай  қаламыз. Кейде базардан, дүкеннен өзіміз қант іздейміз», – деді бариста Қағілез Әбдірахманов. 

Ал наубайханалар мен өзге де нысандарға ай сайын 500 келіге дейін қант қажет. Қазіргі бағамен қантқа 8 миллионнан аса қаржы жұмсау керек дейді Екатерина Васильева. Кәсіпкердің сөзінше, қанттың қымбаттауына байланысты компот пен морс өндірісін қысқартқан. 

«Банкротқа ұшырауымыз мүмкін. Шикізат жоқ, жұмыс жоқ, мен не істей аламын? Бүгін болмаса ертең жабылып қаламыз. Әрине, барлығын сатып, бағаны өсіруге болады. Дегенмен тұтынушылар да бидай нанын 500 теңгеге, қара нанды 1 000 теңгеге сатып алуға дайын болуы керек», – деді кәсіпкер Екатерина Васильева. 

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі күзге қарай жағдайдың тұрақталатынын мәлімдеген. Алайда кәсіпкерлер күзге дейін күте алмайтындарын айтады.  Олар министрліктен қол жетімді бағада қант бөлуді сұрайды. Бұлай болмаса, көптеген нысандар банкротқа ұшырауы мүмкін. 

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...