12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кәрім Мәсімов қай мемлекеттің ықпалымен сатқындыққа барды?

Белгілі адвокат Джохар Өтебеков Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті тұтқындау туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап. 

«ҰҚК Мәсімовті мемлекеттік опасыздық үшін қамауға алды. Маман ретінде бұл жаңалыққа таң қалдым. Қылмыстық кодекстің бұл бабы көшедегі тәртіпсіздіктерге сәйкес келмейді. Тек кейін ғана ҰҚК Мәсімовке мән-мағынасы жағынан анағұрлым дұрыс келетін істі таңдады – билікті күшпен басып алу және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану. Бірақ «Отанға опасыздықты» қалдырды. Ал Отан әйел секілді – тек басқа елмен айырбастауға болады. Бірақ ондай шет мемлекетті бізге ешкім атаған жоқ. Мен мұны дұрыс емес деп санаймын» деп жазды Джохар Утебеков өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, «біздің ақшамызға тыңшылықпен «күрескен» арнайы қызметтің басшысы қамауға алынды».

«Сондықтан салық төлеушілер оның опасыздығы туралы кем дегенде негізгі ақпаратты білуге құқылы. Біз сондай-ақ сыртқы жауымыздың кім екенін білуге құқығымыз бар (егер ол Мәсімовтің көмегін қабылдаса). Мәсімов бізге опасыздық кіммен жасады? Қайда, қашан, қалай және қанша рет?» деп сұрады адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ҚР ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов тергеу үстінде. Оған қатысты сатқындық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен бұрынғы орынбасарлары – «Арыстан» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де ұсталды.

Есірткіге тәуекелділіктің соңы – қылмыс

Есірткі – қоғам дерті, ғасыр індеті. Ел ертеңіне алаңдаған...

«Справка о наличии либо отсутствии судимости в онлайн режиме»

Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной Прокуратуры...

СРОК ЗА ГЛУПУЮ ШУТКУ

«Всякое действие имеет противодействие». Так гласит третий закон Ньютона....

В УСЛОВИЯХ НОВОГО ЗАКОНА

18 ноября 2022 года вводится в действие Конституционный закон...

Прокурорлар тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Атбасар ауданының прокуратурасы жылу энергиясын пайдалану қызметі үшін тұтынушылардан...