Көліктер қымбаттайтыны сөзсіз — «Астана Моторс»

Қазақстанда жаңа көліктер сөзсіз қымбаттайды. Ол Toyota, Lexus, BMW, Hyundai, Subaru, Jaguar, Land Rover, Volvo, MINI, MAZ Golden Dragon, Haval және Chery көліктеріне әсер етеді. Бұл туралы осы көлік маркаларын елімізге ресми түрде әкелетін «Астана Моторс» компаниясы берген жауапта айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі мәліметінше, биылдың өзінде осы маркадағы көліктер бағасы орташа есеппен сегіз пайызға көтерілген. «Астана Моторс» компаниясы мәліметіне сүйенсек, бұған ақпан-наурыздағы валюта бағамының өзгеруі себеп болған. Дегенмен, брендтердің біреуі бұрынғы құнын сақтап тұр.

«Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында құрастырылатын Hyundai көліктерінің бағасы (осында Accent, Elantra, Sonata, Creta, Tucson, Santa Fe және Palisade үлгілері шығарылады) әлі өзгерген жоқ. Біз олардың бағасын валюта бағамының күрт өзгеруіне дейін сатып алынған құрамдас бөліктер қоры есебінен ұстап тұра аламыз.

Алайда, бұл көліктер қымбаттайтыны сөзсіз. Өйткені біз бөлшектер, болат және логистика бағасына тәуелдіміз. Олардың жаңа жеткізілімдері жаңа бағамен келеді, сәйкесінше, бұл автомобиль құнына әсер етеді. Валюта бағамының ауытқуы, сондай-ақ болат, құрауыштар және логистиканың қымбаттауынан бөлек, автомобильдер құнына модельдер мен опциялар жиынтығының жаңартылуы әсер етуі мүмкін», — дейді «Астана Моторс» өкілдері.

Компания Ресейге қарсы санкциялар олардың жұмысына әсер етпегенін атап өтті. Бірақ «Астана Моторс» көліктердің 50 пайызына жуығын Ресей арқылы транзитпен әкеледі.

«Бүгінде автокөліктерді, құрауыштар және қосалқы бөлшектерді жеткізуде ешқандай өзгеріс жоқ. «Астана Моторс» құрамына кіретін компаниялар әдеттегідей жұмыс істейді. Клиенттердің күту уақыты жаңа көліктердің белгілі бір үлгілері мен маркаларына байланысты. Бірақ орташа алғанда компания салондарында автокөлік болса, өтініш бергеннен кейін екі ай күту керек«, — деп қосты ұйымның баспасөз қызметі өкілдері.

Бүгінде «Астана Моторс» автосалондарында Chery маркалы көліктер, Hyundai, Toyota және BMW көліктерінің кейбір үлгілері бар. Сондай-ақ, жақын күндері компания Haval автокөліктері жеткізілетінін айтты.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...