Интернет алаяқтықпен күрес тек полицияның жұмысы емес

XXI ғасырдың індетіне айналып бара жатқан интернеталаяқтықпен күрес бүкіл әлемде өзекті мәселе болып отыр.

Қазір елімізде интернет-алаяқтарға көмектескен, яғни қаражаттарды есеп-шоттардан шешіп берген немесе біреулерге өз есеп-шоттарын пайдалануға берген азаматтардың жа уаптылығы күшейтілуде. Бұл бағытта 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 232-1-бабы енгізілді. Бұл жерде банктік шотқа, төлем құралына немесе сəйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру жəне алу, сондай-ақ төлемдерді жəне ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру бойынша жауапкершілік қарастырылған. Іс-əрекеттің ауырлығына, сипатына жəне алынған пайда мөлшеріне қарай 232-1-бап мүлікті тəркілей отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Жамбыл облыстық полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Валихан Ағыбаев тұрғындарды өз есепшоттарын өзге азаматтарға қолдануға мүлдем бермеуге жəне бөтеннің сұрауы бойынша есеп шоттардан қаражат шешпеуге шақырып отыр. Оның сөзіне қарағанда полиция қыз меткерлері арнайы дайындаған сақтық шаралары туралы дыбыстық жазбалар қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында, супермаркеттерде, қоғамдық көліктерде, базарларда жəне қызметтік көліктердің дауыс зорайтқыштары арқылы айтылуда. Сонымен қатар, Instagram əлеуметтік желісінде Полиция департаментінің ресми cyberpol.zhambyl парақшасы арқылы интернет-алаяқтық қылмыс тарының алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. «Облыс прокуратурасы интернет алаяқтықты жасау тəсілдерін ескеріп, онымен күресуге оң əсерін тигізе алатын «CyberShekteuTaraz» телеграмм-ботын əзірледі. Қазіргі таңда аталған бот арқылы 500- ден аса мəлімет түсіп (интернеттегі қатерлі сілтемелер, алаяқтардың ұялы телефон нөмірлері, əлеуметтік желілер мен маркетплейстарда жалған жарнамалар), оларды бұғаттау шаралары жүргізілуде. Ұлттық банк «Антифрод-орталығының» мүмкіншілігін күнделікті тəжірибеде қолдануда. Бұл орталыққа күмəн тудыратын 2751 банктік есепшот енгізіліп, оның 2020-сы бұғатталып, қалғаны қаралып жатыр. Сондай-ақ телефонды қолданып жасалатын алаяқтық қылмыстарының да өршіп тұрғандығын ескеріп, сол бағытта жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нəтижесі бойынша «cим-карталарды» белсенді тіркеумен айналысатын 13 тұлға анықталды», – дейді Валихан Самбетұлы. Оның сөзіне қарағанда, 18 маусымға дейінгі мəлімет бойынша өңірде интернет алаяқтық дерегінің тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 332-ден 311-ге, ауыр санаттағы интернет алаяқтық дерегі 154-тен 104-ке төмендеді. Ал интернет алаяқтықтың жалпы ашылуы 49,8% (2025ж.–56,7%) ауыр санаты бойынша 71,4% (2025ж.– 56,7%) құрады.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»



Казахстан принял председательство в Союзе тюркских горнолыжных курортов

Казахстан принял председательство в Союзе тюркских горнолыжных курортов. Председателем...

Қазақстан Түркі елдері тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді

Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді. Алдағы...

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: сенімді көрінетін бейне енді оның шынайылығының дәлелі емес

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктерді жасауға арналған заманауи...

КАК ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПРЕВРАТИЛИ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ В КРУГЛОСУТОЧНЫЙ КОНТРОЛЬ 

ЕЩЕ ДВАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД ЧЕЛОВЕКУ, РЕШИВШЕМУ ПРЕВРАТИТЬ ЧУЖУЮ ЖИЗНЬ...