Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі жүйелі мәселелерін шешу туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жанбыршиев Мақсат Мұртбекұлымен сұхбат

– Алматы қаласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жалпы ахуал қандай?

– Бүгінде Алматы қаласында мемлекеттік қызметтерді 47 қызмет көрсетуші жүзеге асырады. Оның ішінде 24-і – аумақтық мемлекеттік органдар, 23-і – жергілікті атқарушы органдар.

Жалпы қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің 365 түрі көрсетіледі.

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Алматы қаласында 20 280 688 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан 15 599 828 қызмет немесе 76,92%, ал аумақтық мемлекеттік органдар тарапынан 4 680 860 қызмет немесе 23,08% көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта көрсетіледі. Атап айтқанда, 2025 жылы 17 779 127 қызмет немесе 87,67% электрондық түрде көрсетілген. Осыған байланысты цифрландыру деңгейінің жоғары екенін және азаматтардың электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңінен пайдаланатынын көрсетеді.

– Департаментке азаматтар тарапынан қанша өтініш түседі және оларды қарау кезінде қандай тәсілдер қолданылады?

– 2026 жылы 6 ай ішінде Департаментке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 509 өтініш келіп түсті.

Өтініштерді қарау барысында азаматтардың мәселесін тек құжат жүзінде зерделеумен шектелмей, өтініш берушілер мен қызмет көрсетушілердің қатысуымен тікелей қарау тәжірибесі де қолданылады.

Мұндай тәсіл нақты проблеманы жедел анықтауға, тараптардың ұстанымдарын тыңдауға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және қайталама шағымдардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Осының нәтижесінде 119 өтініш беруші өз өтініштерін кері қайтарып алды. Бұл азаматтардың мәселелерін жедел түрде түсіндіру және шешу тетіктерінің тиімділігін көрсетеді.

– Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау қалай жүзеге асырылады?

– Мемлекеттік бақылау тек азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қараумен шектелмейді. Департамент тарапынан ақпараттық жүйелерге қол жеткізу, есептік ақпараттар мен мәліметтерді талдау арқылы қашықтықтан бақылау жүргізу тетігі де қолданылады.

Қашықтықтан бақылау мемлекеттік қызмет көрсету процесін тұрақты бақылауға, ықтимал бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 3 778 құқық бұзушылық анықталды.

Бұл ретте басты мақсат – тек құқық бұзушылықтарды анықтап, жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту емес. Ең маңыздысы – олардың туындау себептерін анықтау, жүйелі кемшіліктерді жою және азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу.

–Аталған көрсеткіштер мемлекеттік қызмет көрсету саласында қандай үрдісті көрсетеді?

– Бір жағынан, мемлекеттік қызметтердің электрондық форматқа көшуі азаматтар үшін қолжетімділікті арттырып, қызмет алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Екінші жағынан, көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы мемлекеттік органдар тарапынан заңнама талаптарының қатаң сақталуын және қызмет көрсету процестеріне тұрақты мониторинг жүргізуді талап етеді.

Сондықтан Департаменттің жұмысы азаматтардың өтініштерін қарау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, қашықтықтан мониторинг жүргізу және анықталған бұзушылықтардың себептерін жүйелі түрде талдаумен қатар жүзеге асырылады.

– Жалпы, азаматтардың мемлекеттік қызмет алу кезінде кездесетін мәселелерін шешудің негізгі бағыты қандай?

Азаматтың бір шағымын шешу маңызды. Алайда сол себептен басқа азаматтардың да құқықтары бұзылуы мүмкін болса, мәселені жүйелі түрде қарау қажет.

Осыған байланысты азаматтардың өтініштері, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері, қашықтықтан мониторинг барысында анықталған бұзушылықтар және өзге де ақпараттар кешенді түрде талданады.

Департаменттің негізгі мақсаты – азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірумен ғана шектелмей, құқық бұзушылықтардың алдын алу, әкімшілік кедергілерді азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын тұрақты түрде арттыру.

Мемлекеттік қызмет – азамат пен мемлекет арасындағы тікелей байланыстың маңызды бөлігі. Сондықтан оның сапасы, ашықтығы және қолжетімділігі – мемлекеттік басқарудың тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының 

бас маманы

Төреқан Г.Б.

Системный подход к повышению качества государственных услуг в Алматы

Интервью с руководителем Управления государственных услуг Жанбыршиевым Максатом Муртбековичем –...

Данияр Ашимбаев: Токаев позволяет себе на правах опытного дипломата

Высказывания Касым-Жомарта Токаева по российско-украинскому конфликту постоянно оказываются предметом...

Студентам Алматы небезразлично будущее Кок-Жайлау

По инициативе молодежи и студенческого сообщества Алматы состоялась серия...

Сотталғандар арасында киберспорттық іс-шара өткізілді

Абай облысы, Семей қаласындағы №21 мекемесінде сотталғандардың бос уақытын...

Донорство органов в Алматинской области: три донорских процесса — надежда для десятков людей

В Алматинской области продолжается информационно-разъяснительная работа о значении посмертного...