ХҚКО-лар мен «Қазпошта» жұмысын қайта бастады

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«10 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады.

Тұрғындарға кезең-кезеңімен барлық қызмет түрі қолжетімді болады, Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды рәсімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін.

«Сондай-ақ, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚКО-лар жұмыс істемейді«, — деді ведомстводағылар.

Бұдан басқа, 10 қаңтардан бастап «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшелері зейнетақы мен жәрдемақыны интернет-байланыс жұмыс істеп тұрған уақытта штаттық режимде береді.

«Сонымен қатар, банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру бойынша жұмыс басталды. Осыған байланысты «Қазпошта» клиенттері 10 қаңтардан бастап бөлімшелерден де, банкоматтардан да ақша ала алады. Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ «Оңтүстік» ақпараттық-логистикалық орталығының Қазақстан бойынша магистральдық маршруттарын іске қосуының арқасында компания 10 қаңтардан бастап пошта жөнелтілімдерін қабылдау мен өңдеуді қайта бастайды», — деп хабарлады бөлімшедегілер.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....