Генограмма — отбасы тарихының айнасы

Елордалық колонияда жүйелі терапия элементтері бар психокоррекциялық іс — шара-генограмма құру өткізілді. Жұмысты мекеме психологы АСТ психологы У. Л. Ростовщиковамен бірлесіп ұйымдастырды.
Генограмма сотталғандарға отбасылық байланыстарды тереңірек түсінуге, өмірдің қайталанатын сценарийлерін анықтауға мүмкіндік береді. Талқылау барысында қатысушылар қызығушылық танытты, естеліктерімен бөлісті және өткенін қайта түсіндірді.
«Әдістеме жеке тұлғаны нығайтуға, өмір жолын талдау және қайта бағалау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Генограммамен жұмыс сотталғандардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға және оларды қайта әлеуметтендіруге бағытталған жеке және топтық сүйемелдеу шеңберінде жалғасады»,-деп атап өтті аға инспектор-психолог әділет капитаны А. Қайрулина.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...