Гендерлік әділеттілік: қазіргі қоғамдық өзекті мәселелер

Қазіргі қоғамда гендерлік әділеттілік мәселесі әлемдік маңызды тақырыптардың біріне айналды. Гендерлік әділеттілік әйелдер мен ерлердің, сондай-ақ барлық адамдардың жынысына қарамастан тең құқықтарға, мүмкіндіктерге және ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді, адамның жынысына байланысты кемсітушілікті жоюды көздейді.

Гендерлік әділеттіліктің ең күрделі мәселелерінің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық. Бұл мәселе тек жеке отбасының проблемасы емес, қоғамдық қауіпсіздік пен адам құқықтарына қатысты мәселе болып табылады. Қоғамда қалыптасқан «ер адам – асыраушы», «әйел – тек отбасы мен бала тәрбиесіне жауапты» деген сияқты стереотиптер адамдардың мүмкіндіктерін шектейді. Сол себепті, мектептен бастап оқушыларға өзара құрмет, теңдік, адам құқықтары туралы түсінік беру қажет.

Гендерлік мәдениетті дамыту кемсітушілікті азайтады, зорлық-зомбылықтың алдын алады, жастардың еркін кәсіби таңдау жасауына мүмкіндік береді, қоғамдағы өзара сыйластықты нығайтады.

Гендерлік әділеттілік – тек әйелдердің емес, барлық қоғамның дамуына қатысты мәселе, бір жынысқа артықшылық беру емес, әр адамның жынысына қарамастан өз қабілетін жүзеге асыруына тең жағдай жасау. Тең құқық пен тең мүмкіндік қамтамасыз етілген қоғамда адамдар өз қабілеттерін толық жүзеге асыра алады, әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық даму нығаяды. Сондықтан, ол әйелдер мен ерлерді бір-біріне қарсы қоюды емес, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін құрметтеуді көздейді.

Мұғалжар аудандық соты

әкімшісінің басшысы

А.Иманбекова

Сыбайлас жемқорлық қоғам дамуына кедергі

Сыбайлас жемқорлық- кез келген мемлекеттің дамуына кері әсер ететін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Жемқорлықсыз қоғам мемлекеттің жарқын болашағы

​Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің ішкі тұрақтылығына, экономикалық дамуына және...

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейін көтеру

     Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мемлекеттік тіл – қазақ...

Күш азайып, Алматы жақындай түсті: Меңдібай аға жолдың ең қиын шақырымдары туралы айтты

«Құрылтайға жол» хикаясының жаңа шығарылымы сапар барысындағы ең шынайы...

«Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету

Әскери тәртіпті нығайту – құқық бұзушылықтың алдын алудың кепілі 2026...