Еуропалық Комиссиясының 131-ші пленарлық сессиясы өтті

2022 жылғы 17-18 маусымда Венеция қаласында (Италия) Еуропа Кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясының (Венеция комиссиясы) 131-ші пленарлық сессиясы өтті.

Пленарлық сессияда Венеция комиссиясы Косово Конституциясына түзетулер жобасы, Молдова Республикасының сот билігі туралы кейбір нормативтік актілеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы, Молдова Республикасының прокуратурасы туралы заңға түзетулер жобасы, Моңғолияның саяси партиялар туралы заң жобасы, Түркияның сайлау заңнамасына түзетулер және басқа да құқықтық актілер бойынша бірқатар қорытындыларды талқылап, қабылдады.

Венеция комиссиясы мүшесінің Қазақстан Республикасынан орынбасары, Конституциялық Кеңес мүшесі — Үнизила Шапақ баяндама жасап, еуропалық орган мен халықаралық заң қауымдастығын елімізде жүргізілген конституциялық реформа туралы хабардар етті. Баяндама комиссия басшылығы мен отырысқа қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Венеция комиссиясы сессия шеңберінде Қазақстаннан Венеция комиссиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Роговты Омбудсмен институты жөніндегі кіші комиссияның президенті етіп сайлады, бұрын ол осы Кіші комиссияның вице-президенті болған.

Венеция комиссиясының басшылығы Қазақстанда өтіп жатқан өзгерістерге оң баға беріп, қажет болған жағдайда сараптамалық көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшылығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан...

Президент Жолдауы және ел болашағы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың METU студенттерімен тағылымды кездесуі

         Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық...

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...