«Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

ҚР ІІМ ҚАЖК-ң нұсқауына сәйкес әрбір қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде жаңадан жасалынатын қылмыстармен, құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша шараларды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 12-20 ақпан аралығында Республика аумағында «Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар тарапынан қайталап қылмыс жасауының жолын кесу іздеуде жүрген тұлғалардың тұрғылықты жерлерін анықтау және оларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізе отырып, оларға ықпалдастық жасайтын бірге тұратын жақын туыстарымен көршілерімен профилактикалық алдын алу жұмыстарын жүргізіп жаңадан жасалынатын қылмыстардың алдын-алу болып табылады.

Осы іс шара барысында, Абай облысы бойынша ҚАЖД Ақсуат аудандық пробация қызметі күшейтілген қызмет түріне көшіріліп, Ақсуат ауданының прокуратура өкілдерімен және аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыстар атқара отырып, есепте тұрған әр сотталғанды мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.  Нәтижесінде есепте тұрған сотталған тұлғалар тарапынан анықталған заң бұзушылықтарға қолданыстағы заң аясында тиісті шаралар қолданатын болады деп хабарлайды, Ақсуат аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Б.Нурахметов

Мeмлeкеттік қызмет — мәртебелі міндет

Мемлекетік қызметші – мемлекеттік оргaнда Қазaқстан Республикасының заңнамасында белгіленген...

Мемлекеттік қызмет — мәртебелі міндет

Мемлекетік қызметші – мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген...

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...