Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы өзекті мәселелерді талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме басында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Биыл наурыз айында Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтті. Президенттер сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқынын оң бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 миллиард долларға дейін, содан кейін келешекте 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңызды екенін айтты.  

Түркия көшбасшысы Қазақстан Президентінің мамыр айында Анкараға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына тың серпін береді деп үміттенетінін жеткізді. 

Сонымен қатар Мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де жан-жақты пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерінің тиімділігін жоғары бағалады.

Екі ел басшыларының әңгімесі дәстүрлі достық рухында өтті.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...