«Еңбек» РМК Бос орындар жәрмеңкесіне жұмысқа орналасу үшін тұрақты жұмыс орны жоқ сотталғандар шақырылды

Алматы қаласы Алмалы ауданының есебінде тұрақты жұмыс орны жоқ және оқумен айналыспайтын сотталғандар тұрады. Осыған байланысты 12.04.2024 жылы Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп «Еңбек» РМК Бос орындар жәрмеңкесіне жұмысқа орналасу үшін тұрақты жұмыс орны жоқ сотталғандар шақырылды. 10-ға жуық сотталушы түрлі жұмыстарға, «Рамстрой» ЖШС негізгі бөлімшесінің ұйымдастыруына жолдама алды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 44-бабына сәйкес «тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жұмыс істемейтін бас бостандығын шектеуге сотталғандар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын, бірақ жылына 100 сағаттан аспайтын орындарда мәжбүрлі еңбекке тартылуға жатады. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан аспайды».

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Алмалы ауданының пробация қызметі бөлімімен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп аудан аумағын жинау бойынша іс-шара ұйымдастырылады. Бұл жұмысқа Алматы қаласы Алмалы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тартылады.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...