spot_img
spot_img

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп отыр. Республика соттарында қаралатын еңбек даулары сөзімізге дәлел.

Еңбек дауы негізінен жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келіспеушіліктен туындайды. Себебі, екеуі де жұмыстан игілік көргісі келеді. Айталық жұмыс беруші неғұрлым еңбек өнімділігін арттырып, табысын еселеуді мақсат етсе, жұмысшы еңбегінің бағаланғанын, жасаған іс-әрекетіне қарай жалақының да жоғары болғанын қалайды. Өкінішке орай осы екі тараптың еңбек шартын бұзуы даулар мен келіспеушіліктердің орын алуына тікелей түрткі болып жатады. Қарап отырсақ, пайда табуды ойлайтын жұмыс берушілер заңды айналып өтуге бейім, соның нәтижесінде қарауындағы жұмысшылардың жағдайына көңіл бөлмейді, еңбекті бағаламайды. Ал жұмысшы жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалғанын, артық еңбек етсе онысын жұмыс берушінің ынталандырғанын, жалақысын өсіргенін қалайды.

Екі тарап арасында туындаған келіспеушіліктерді еңбек дауына дейін жеткізбей, жағдайды шиеленістірмей шешу жұмыс берушінің құзырында. Өз қатесін ерте түсініп, жұмысшымен мәмілеге келу жұмыс берушінің беделін сақтап қалуына, өзіне қатысты теріс пікірдің қалыптаспауына түрткі болады. Өйткені жұмысшылар құзырлы орындарға шағымданбас бұрын талабы мен ренішін басшыларға жеткізеді. Мәселе шешілмеген жағдайда өз құқығын қорғауға мәжбүр болады.

Еңбек даулары екі сатыда қаралады. Алдымен мәселе келісім комиссиясының назарына ұсынылып, одан шешілмесе дау сот тәртібімен қаралады. Үлкен кәсіпорын, компанияларда келісім комиссиялары бар. Ал мұндай комиссия құрылмаған жұмыс орындарында тараптардын бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасынан комиссия жасақталады. Мұнда екі тараптан қатысатын өкіл саны теңдей болуы басты шарт.

Еңбек дауын қарағанда соттар еңбек келісімшартының дұрыс рәсімделуіне, куәгерлердің пікіріне назар аударады. Азаматтар өз құқығын қорғауы үшін келісімшарттағы әрбір талап пен міндетті жақсылап оқып, содан кейін ғана құжатқа қол қойғаны дұрыс. Келісімшарттың сақталуын талап ету – жұмысшының заңды құқығы.

У.Абдиманап,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...