Енді мектеп оқушылары 31 мамырға дейін оқитын болады

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының ұзартылуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«3,6 миллион оқушыны қамтитын 7 637 мектеп бар. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, ұзақтығы — 36 апта, яғни жаз мезгілі балалар каникулы болады», — деді Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Ол білім беру саласындағы көшбасшы елдермен салыстырғанда Қазақстанда жазғы каникул ең ұзақ екенін айтты.

«Демалыс және мереке күндерімен қоса балалар жыл бойы 192 күн демалады, ал 173 — бір жылдағы оқу күндерінің саны. Біз зерттеу және талдау жүргіздік және бірінші сынып оқушыларының үш тілді меңгеруі қиын екенін көрдік, сондықтан екінші және үшінші тілді меңгеру үшін бала ең алдымен өз ана тілінде оқып, жазуды үйренуі керек деген шешімге келдік», — деді ведомство басшысы.

Осылайша, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде бірінші сыныптан бастап балалар тек қазақ тілін, екінші сыныптан бастап орыс тілін оқуды бастайды.

«Барлық мектепте үшінші сыныптан бастап оқушылар ағылшын тілін меңгереді. Сонымен қатар, балаларды еңбекке баулу мақсатында бірінші сыныптан бастап «еңбекке баулу» және «бейнелеу өнері» пәндері енгізіледі», — деді министр.

Премьер-министр оқу жылының ұзаруынан қандай нәтиже күтілетінін сұрады.

«Бұл бір жағынан оқушыларға түсетін жүктемені азайтса, екінші жағынан оқу процесі 31 мамырда аяқталады. 1,5 миллион бала бес күндік оқу аптасына өте алмады. Енді бізде қосымша 36 күн каникул болады, балалар оны өз қалауынша пайдалана алады. 100-ден аса мектепте үш ауысымда жұмыс істеу қаупі болды. Дегенмен, инновациялардың келуімен олар екі ауысымда жұмыс істейтін болады», — деп жауап берді Аймағамбетов.

Сөз соңында оқу-ағарту министрі енгізілген өзгерістер арқасында 1,5 миллион балада 36 күн қосымша демалу мүмкіндігі болатынын баса айтты. Премьер-министр бұл ұсыныстарды Үкімет қолдайтынын мәлімдеді.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...