12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елордалық тергеу изоляторларында ашық есік күні өтті

Әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдау, құқыққа бағынысты мінез-құлықты ынталандыру, тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында 2024 жылғы 12 қазанда ашық есік күні өткізілді. Бұл күні мекемеге шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандардың туысқандары да келді. Кейбіреулері Қазақстанның басқа өңірлерінен келді. Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет капитаны Данияр Қабиболлаевич Ахметовқа құттықтау сөз берілді. Сотталғандардың туыстары мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне кездесуге, әңгімелесуге, сондай-ақ өз туыстарының қауіпсіздігіне көз жеткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Кездесу барысында шай ішу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты сотталғандардың туыстары мен мекеме әкімшілігі арасында сенімді қарым-қатынас орнату, сотталғандарға моральдық-психологиялық қолдау көрсету және өмірге дұрыс көзқарас қалыптастыру болып табылады. Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандарды түзелуге, тезірек босатылуға және туыстарына оралуға ынталандырады.

День открытых дверей прошел в  столичном СИЗО

В целях поддержания социально-полезных связей, стимулирования правопослушного поведения, совершенствования...

Қызылорда ҚАЖ-да жазасын өтеуші әйелдер Анаға тағзым орталығында «Келінжан» фильмін тамашалады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 37-ші мекемеде...

Пробация есебіндегі азаматтар садақ атудан сынға түсті

Қармақшы ауданында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің...

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, оларға қарсы қылмыстардың алдын алу – басты мақсат

Жастар – елдің ертеңі, мемлекеттің тірегі. Елдің еңсесін тіктейтін,...

Түркістан облысында полиция 18,5 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері үш апта ішінде 18,5 мыңнан астам...