Қызылорда ҚАЖ-да жазасын өтеуші әйелдер Анаға тағзым орталығында «Келінжан» фильмін тамашалады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 37-ші мекемеде жазасын өтеп жатқан әйелдер үшін ерекше мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Мекеменің психологы әйелдерді Анаға тағзым орталығына аып барды.
Бұл іс-шараның мақсаты — жазасын өтеушілерге рухани қолдау көрсету және олардың эмоционалды жағдайын жақсарту.
Іс-шара аясында жазасын өтеушілер «Келінжан» фильмін көріп, кинотанымдық уақыт өткізді. Әйелдер бұл кинотуындыдан үлкен әсер алып, көркем туындының терең мағыналы көріністеріне көз жүгіртіп, жылап та, күліп те алды. Келінжан киносы өмірдің шынайы қиындықтары мен қуаныштарын суреттеп, әр адамның тағдырына ой салады. Фильм аяқталғаннан кейін, жазасын өтеуші әйелдер кинодан алған әсерлерімен бөлісіп, өмірлік қиындықтарды еңсеру жолдарын талқылады.

Бұл кинодан әрбір ана, әйел тағдырының күрделілігі, сондай-ақ өмірдің мәнін түсіну туралы көп нәрсе үйренуге болады. Кино бізді терең ойларға жетеледі, өмірдің қайғысы мен қуанышын, әйел затының төзімділігі мен ана болудың қасиеттілігін көрсетті. Алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Рухани азық алдық. Осындай керемет шараны ұйымдастырған мекеме психологы Ақгүл Амановаға алғысымыз шексіз, – дейді жазасын өтеп жүрген әйелдердің бірі.

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...

Ученый, педагог, наставник

Имя выдающегося ученого-юриста, профессора Мажита Таировича Имашева безгранично связано...