Елордалық ҚАЖ Департаментінде салтанатты түрде қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтары табыс етілді

Ағымдағы жылдың 7-ші қарашасында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің бастығы әділет полковнигі Д.Б. Рақымбеков кезекті Апараттық Кеңесте Департамент қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтарын салтанатты түрде табыс етті. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы 31 қарашасындағы №591 ж/қ бұйырығымен кезекті «әділет подполковнигі»  арнаулы атағы Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №2 мекемесінің бастығы әділет майоры Н.Бековпен Департаментінің режим және күзет бөлімінің аса манызды істер бойынша аға жедел-уәкілі әділет майоры А.Макашеваға табыс етілді.

Әділет майоры Нұрлан Серікұлы Беков ішкі істер саласына 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, өз қызметің Астана қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/5 мекемесінің жедел бөлімінің жедел-уәкіл қызметінен бастап бүгінгі күнге дейін әр-түрлі қызметте басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Әділет майоры Асел Нұрғазықызы Макашева ішкі істер саласында 2004 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, өз қызметін ҚАЖК Астана қаласы бойынша басқармасының ЕЦ-166/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақлаушысы қызметінен бастап бүгінгі күнге дейін әр-түрлі қызметте жедел-уәкіл болып қызмет атқарған.

Астана қаласы ҚАЖ Департаментінін басшылық құрамы аталған қызметкерлерге өзінінң жылы тілектерін білдіре отырып, құттықтауларын жолдады.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...