Елорда мекемелерінде сотталғандардың отбасын құруы 40%-ға артты

Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде 2021 жылмен салыстырғанда сотталғандар мен тергеудегі адамдардың отбасын құруы 40%-ға артты. Ағымдағы жылдың басынан бері елордалық Департамент мекемелерінде 27-ден астам неке қиылды.

Сотталғандармен немесе тергеудегі адамдармен некені тіркеуді АХАЖ органдары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Заңында көзделген шарттарды сақтай отырып, тікелей ҚАЖ мекемесінде жүргізеді. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу некеге тұрған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттар) болған кезде, олардың қатысуымен, мекеменің үй-жайында, АХАЖ органы басшысының келісімі бойынша ғана жүргізіледі.

Айта кетейік, отбасын құру сотталғандарға оң әсер етеді, өйткені отбасы мен туыстары әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтауда жетекші рөл атқарады. Неке одағын құрған сотталғандар одан әрі түзетуге тырысады, көптеген адамдар құқықтық тәртіпті қалыптастырады және тез арада бостандыққа шығуға тырысады.

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...