Елорда атауын өзгерту туралы шешім қашан қабылданады?

Елорда Мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту тәртібін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту туралы ұсынысты қоғамдық тыңдауларда қарады.

Хатшы Ерлан Қаналимовтың айтуынша, елорда атауын өзгерту процедурасы бірнеше кезеңнен өтуі керек.

«Бүгін қоғамдық тыңдаулар өткізіп, оны мәслихат сессиясына ұсынып отырғанымыз – бүкіл процедурадан өтудің бір кезеңі. Отырыстардан, мәслихат шешімінен кейін республикалық ономастика комиссиясында отырыстар өтеді. Осыдан кейін құжаттар Үкіметке жолданады, Үкімет жарлық жобасын Президенттің қол қоюына ұсынады. Жарлық ресми жарияланғаннан кейін, егер жарлыққа қол қойылса, елорда атауын өзгерту туралы айтуға болады», — деді Қаналимов тыңдаулар барысында.

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...