Елімізде отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жанынан кәсіпкерлер кеңесін құруды тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бизнес өкілдерімен кездесуде Тоқаев мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

«Әлеуметтік-экономикалық реформалардың әрбір бағыты бойынша жобалық топ құруға болады, оған әрқайсыңыз өз өкіліңізді жібере аласыз немесе жеке қатыса аласыз. Мұнда артық бюрократия мен формализм қажет емес. Сіздердің әрқайсыңыз, ең алдымен, іскер адамсыз. Дайындалған пакеттер мен ұсыныстар «жаңа экономикалық саясат» орта мерзімді бағдарламасы негізіне жатқызылуы тиіс. Үкімет жанынан отандық кәсіпкерлер кеңесін құруды тапсырамын. Мұндай орган бизнестің ойлары мен идеяларын тікелей жеткізуге мүмкіндік береді және қабылданатын шешімдердің кулуарлығын төмендетеді деп ойлаймын», — деді Тоқаев.

Ол мемлекеттің іс-әрекетін сынға алу әрдайым жеткілікті екенін және ары қарай не істеу керек екенін бірге анықтап, реформаларды бірге жүзеге асыруды ұсынды.

«Сөзден іске көшетін кез келді. Табысты елдер мен өтпелі кезеңдегі елдер арасындағы айырмашылық ұлттық буржуазияның ел мен азаматтарға тұтынушылық қарым-қатынастан алшақтау қабілеті немесе қабілетсіздігі екенін есте ұстаған жөн. Трансформациялық процестерде шешуші рөл атқара білу. Менің сенімім бойынша, бұл жерде кәсіпкерлік класс тарапынан нағыз патриотизм бар», — деді Мемлекет басшысы.

Налоги, бизнес и реформы

Как известно, национальная валюта в истории современного Казахстана была...

Социальный маршрут столицы 

Пенсионерам помогают с оздоровлением, семьям с детьми с особыми...

Шартты жаза –заңмен берілген мүмкіндік

Қылмыстық кодекстің 63-бабымен шартты түрде соттау жазасы бекітілген. Жұртшылық...

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ КОРИФЕЙІ

Ұшан-теңіз білімі, биік парасаты, ақ алмастай әділдігі бір төбе,...

«Тоска в отцовском сердце»: осуждённые поделились чувствами к детям

В преддверии Всемирного дня ребёнка в учреждении №20 ДУИС...