12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ ЕРМЕККЕ АЙНАЛДЫ

Соңғы кездері жастардың қолынан түтіні будақтағанымен иісі шықпайтын, алайда ден-
саулыққа зияны шылымнан кем түспейтін электронды темекіні жиі байқайтын болдық. Тіпті
электронды темекі мектептегі жоғары сынып оқушыларының да «ермегіне» айналып барады.
Ұлт денсаулығына алаңдаған Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Шын
мәнінде жастар өздеріне үлкен қауіп төндіріп отыр. Вейптер зиян, одан кәдімгі есірткіге дейін бір-ақ қадам. Оған қарсы шұғыл әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет. Шектеулермен ғана мәселе шешілмейді. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Оның тамырына балта шабылмаса, болашағымыз бұлыңғыр. Бұл мәселе де мені қатты алаңдатады. Химиялық
есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз
әрекеттерге тартып жатыр», – деген болатын.

Артынша өткен жылы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойып, жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдау, шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салуды заң жүзінде бекіткен болатын. Осыдан соң ұлт денсаулығын кері кетіретін зиянды әдеттің жолы кесілгеніне қуанып едік. Алайда ерте қуаныппыз. Электронды темекі әлі күнге жастардың, әсіресе мектеп оқушыларының қолжетімді дүниесіне айналып отыр. Алматы қаласының орталығындағы мектептердің біріндегі тәрбие ісінің меңгерушісі Сиқымбек Алмат оқушылардың вейпке «бауыр басып бара жатқанына» алаңдаулы. «Негізі оқушылардың қалтасын тексеруге құқығым жоқ, бірақ кейде оқушылардың жиналып, топтасып, сабағына кешігіп сырттан кіргенін көргенде, мектеп әжетханаларынан біртүрлі иіс сезсем ер балалардың қалтасын тінтуге мәжбүрмін. Сеземін олардың күнделікті қалталарына вейп салып жүретінін, бірақ негізсіз тұрғызып қойып тінте алмайсың. Сол бір тінтіп шыққанымда жұмыс тартпам вейптің неше түрлісіне толып қалады. Оларды тәркілегеніммен олар барып тағы сатып алады. Жастықтың буымен әр нәрсенің дәмін татып көруге ұмтылатын сәттері болатынын түсінем. Алайда ұрпағымыз ұлт денсаулығына зиянды әдеттерге әуестенбей, керісінше салауатты өмір салтын ұстануға тырысып, жас ағзаларын не болса сонымен уламаса екен деймін. Біз ғана емес ата аналар да бір мезгіл балаларының сөмкесін тексеріп, сырт киімдерінің қалтасын қарап, жаман әдеттерге әуестенуінің алдын алса екен. Одан гөрі түрлі үйірмелерге қатысып, спортпен достастыра білсек дұрыс болар еді», – дейді.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы төрт жылда шылым шегу бойынша жүргізген мониторингтік есебіне сенсек, жалпы бір реттік шылымды сатып алатын 12 мен 15 жас аралығындағы жеткіншектер саны соңғы жылдары үш есеге артқан. Бұл әрбір мектептегі ұлдардың 15%, қыздардың 6% электронды темекінің дәмін татып көрді деген сөз. Мамандар да электронды темекінің ұрпақ денсаулығына әсеріне алаңдау­лы. Профессор Шахметов Белгібай «Бұл жастардың өкпесіне бағытталған тажал.

Вейптің құрамындағы никотин шылымнан кем емес. Ол жетілмеген ағзаның ми қызметіне кері әсер етіп, баланың есте сақтау қабілетін нашарлатады, басын ауыртып, бүкіл ағзаны қартайтады. Негізі жасөспірім электронды темекіге тез «бауыр басып» қалады. Басында
қызығушылықпен көргенімен, одан кейін бас тарту, тәуелділіктен арылту қиынға соғады. Қазірдің өзінде шетелдік сарапшылар вейп иммунитеттің әлсіреуін тудырып, өкпе мен жүрек тіндерінің зақымдануына алып келетінін, когнитивті бұзылуларды тудыратынын айтып жатыр. Ал біздің елімізде әлі бұл толық зерттелген жоқ.
Зерттеу жасаймын дегенше талай ұрпақ денсаулығынан айы­рылатын болады. Электронды темекі бронх демікпесін өршітіп, созылмалы бронхит және жүрек-қан тамырлары ауруларын да қоздырады, инфаркт пен инсульт қаупін арттырады. Кейбіреулер темекіден гөрі вейптің денсаулыққа зияны аздау деген әңгіме айтып жүр. Шын мәнінде бұл жалған жарнама. Денсаулыққа екеуі де зиян. Ұлт саулығына жанымыз ашыса вейптің зиянын ашық айтып, темекінің денсаулыққа залалын жиі көрсетіп, ел ішінде сол бағыттағы роликтерді таратып, маман пікірімен дәлелді ұсынып отыруымыз қажет», – дейді.
Қуаныш ЕРМЕКОВА,
«Заң газеті»

2025 жылы «Каспий» биржасында 26 мың тоннадан астам битум сатылды

«Каспий» тауар биржасы» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылындағы битумның...

Кассациялық сот құрудың маңызы мен ерекшелігі

2024 жылы 5 шілдеде Мемлекет басшысы кассациялық соттарды реформалауға...

АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНАН РАҚЫМШЫЛЫҚПЕН АЛҒАШҚЫ СОТТАЛҒАН БОСАП ШЫҚТЫ

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемеде...

Казахстан участвует в министерском сегменте Политического форума ООН по устойчивому развитию

В Нью-Йорке (США) началась работа министерского сегмента Политического форума...

Интернеттегі алдану: алаяқтықтың сұм айласы

Цифрлы технология күн санап дамып, интернет желісі халықтың күнделікті...