Эксаумақтық соттылық – бейтарап сотқа бастар жол

Сот саласында жүргізіліп жатқан реформалар сот төрелігін әділ іске асыруға, жеке және заңды тұлғалардың, яғниазаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз, сапалы қорғауға, қолжетімді қызмет көрсетуге бағытталған. Осы орайда енгізілген эксаумақтық соттылық – сот жүйесіндегі соңғы жаңашылдықтардың бірі. Тиімділігі қандай? Ерекшелігі неде? Өтінішті қалай береді?  Осы сауалдардың жауабына тоқталайық.

Мәселен сотқа талап қоюшы Орал қаласында, жауапкер Алматы қаласында тұрса, талап қою бойынша азаматтық іс Алматы қаласындағы соттардың бірінде қаралып, шешім жауапкер пайдасына шықты делік. Бұл жерде соттың шешімі заңды болғанның өзінде талап қоюшы күмәнмен қарауы заңдылық. Осындай келеңсіз жайттарды болдырмас үшін тараптар өзара келісіп, істі қарау үшін басқа облыстағы, республиканың басқа аймағындағы сотты таңдай алады. Бұл үшін істі сот талқылауына дайындау барысында, тараптар судьяға аумақтан тыс соттылықты қолдану туралы жазбаша өтініш береді.  Өтінішке олардың арасында жасалған келісім қоса беріледі. Кейін арнайы IT жүйе – «Істерді аумақтан тыс соттылығы бойынша автоматтандырылған бөлу» азаматтық сот ісін жүргізудің шеңберінде арнайы критерийлер бойынша республика бойынша басқа облыстың нақты сотын айқындайды және іс сол сотқа жіберіледі. Осылайша, эксаумақтық юрисдикция азаматтық істерді автоматты түрде бөлу жүйесімен жүктемесі аз ел аумағындағы маманданған соттарға бөледі. Яғни істің тараптар тұратын жерден тыс аумақта қаралуы тамыр-таныстықтың жолын кесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алады, жергілікті билік, лауазымды азаматтар тарапынан орын алуы мүмкін ықпалды азайтады. Бұл өз кезегінде соттардың тәуелсіздігін нығайтып, бейтараптығын арттырады. Тағы бір артықшылығы, республиканың барлық сотында жүктеме тең бөлінеді. Соның нәтижесінде жүктемесі көп ірі қалалар мен облыстардағы сот судьяларының күрделі істерге көңіл бөлуіне мүмкіндік туады.

ҚР Азаматтық процестік кодекстің 32-бабына сәйкес тараптар өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында  эксаумақтық соттылықты таңдай алады. Судья азаматтық іс қозғағаннан кейін оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарған кезде тараптарға эксаумақтық соттылықты қолдану мүмкіндігін түсіндіреді. Тараптар арасындағы  қосымша келісім өтінішхатқа тіркеледі. Келісім сотта сот талқылауы аяқталмай тұрып  рәсімделеді. Бұдан соң істің эксаумақтық соттылық тәртібімен қаралуын қалаған тараптар бұл туралы сотқа өтінішхатпен жүгінеді. осындай істер кіретін соттарға бағытталады. Электрондық іс электрондық қолтаңбамен ақпараттық жүйе таңдаған сотқа жіберіледі. Сотқа тараптар бейнеконференция байланыс арқылы онлайн қатысатындықтан, олардың орналасқан жерінің қашықтығы ешқандай қиындық туғызбайды.

Жалпы алғанда эксаумақтық соттылықты қолдану – тараптардың міндеті емес, құқығы, таңдау – өз еріктерінде. Тараптардың келісімінсіз ешкімге ол үшін заңда көзделген соттылық мәртебесін өзгертпейді. Өтініш бір тараптан ғана түсіп, екінші жақ онымен келіспесе іс басқа аумақтың сотына беруге жатпайды. 

Айта кетсек, 2022 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізілген соттылықтың аталған түрімен …..  сотына … іс түсіп, оның … қаралып, … іспен шешім қабылданды.

Халық сенімінің негізгі арқауы болып есептелетін Сот жүйесі уақыт ағымына сай, қажеттілікке байланысты әлі де біраз реформаларды өткереді. Ең бастысы, бұл жаңашылдық ел игілігі, халық мүддесі үшін жасалып жатқаны және сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етуге бағытталғаны  ақиқат.

Орал қаласының №2 соты әкімшісінің басшысы Г.А.Амантаева

Тюркский вектор цифрового развития

РАЗВИТИЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА, ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ И УКРЕПЛЕНИЕ ЭКОНОМИКО-ТРАНСПОРТНОЙ СВЯЗАННОСТИ...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін маңызды мәселелердің...

Полицейлер 1,5 тонна автокөлік дөңгелектерінің қалдығын тастаған тұрғындарды анықтады

Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу...

Экстерриториальная подсудность

            Сегодня в судах широко применяется 32 статья гражданского...

Мемлекеттік қызметте өсу, меритократия қағидаты

Қазіргі заманғы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығы тікелей...