Қазіргі заманғы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығы тікелей оның кадр саясатына байланысты. Елдегі саяси жаңғыру жағдайында меритократия қағидаты-мемлекеттік аппаратының кәсіби деңгейін арттыратын және қоғамның билікке деген сенімін нығайтатын басты тетікке айналды.
Меритократия-мемлекеттік қызметтегі кадрларды тек олардың кәсіби қабілеттері, білімі мен еңбегі үшін өсіру жүйесі. Бұл қағидат таныстық пен тамыр-таныстықты жойып, әділдікті қамтамасыз етеді. Оның негізгі мағынасы-лауазымдардың туыстық байланыстар арқылы емес, тек қана біліктілік пен іскерлікке қарай бөлінуін кепілдендіруінде. Бұл жүйенің басты мақсаттарын мынадай негізгі бағыттарға жіктеуге болады: әділдік, яғни барлық қызметкерлерге тең мүмкіндік беру. Кәсібилік, демек, мемлекеттік аппаратқа тек үздік мамандарды іріктеп алу. Ынталандыру, атап айтқанда, адал еңбек пен таза бәсеке міндетті түрде мансаптық өсуге әкелетінін дәлелдеу. Және отбасышылдықпен күрес. Бұл соңында сыбайлас жемқорлықты азайтады. Бұл қағидаттың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін нақты цифрлардан көруге болады. Мысалы, 2026 жылғы 1 тоқсан жағдайы бойынша Алматы қаласының мемлекеттік қызметкерлері арасында меритократия деңгейі 77%-ды құрады. Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) бойынша ішкі конкурспен және ауыстыру тәртібімен 35 адам жоғары лауазымға тағайындалса, оның ішінде 27 қызметкер тікелей өз біліктілігінің арқасында лауазымдық сатымен өскен. Осы орайда, мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсудің негізгі сатыларына тоқталып кетейік:
- Төменгі лауазым: қызмет жолын бастау және тәжірибе жинау.
- Бағалау: жылдық жұмыс нәтижесін талдау.
- Біліктілікті арттыру: оқу курстарынан өту
- Ішкі конкурс: бос жоғары лауазымға тек өз мекемесінен немесе басқа мемлекеттік органдардан үміткерлерді таңдау.
- Өсу: лауазымы мен жауапкершілігін арттыру.
Және де қағидаттың жүзеге асу құралдарына тоқталып кетсек деп ойлап отырмын.
- Ашық конкурстар: кез келген азаматтың қатысу құқығы.
- Тестілеу: заңнаманы білу деңгейін объективті тексеру.
- Әңгімелесу: комиссия алдында құзыреттіліктерді дәлелдеу.
- Президенттік кадр резерві: дарынды жастарды басқарушы лауазымдарға іріктеудің жоғары деңгейі.
Қорытындылай келгенде, мемлекеттік қызметте меритократия қағидатын нығайту-сыбайлас жемқорлық пен протекционизмді тамырымен жоюдың негізгі жолы. Тек өз ісіне адал, білікті және тәжірибелі мамандар басқару тетіктерін ұстаған кезде ғана мемлекеттік бағдарламалар сапалы орындалып, халықтың әл-ауқаты артады. Болашақ-тек білімділер мен еңбекқорлардың еншісінде, ал меритократия сол еңбектің нақты жемісін көрсететін әділдік алаңы болады.
Б.А. Бостанбаева, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы
бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет
басқармасының бас маманы лауазымына
міндеттерін уақытша атқарушы


