Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам атты Қазақстан Республикасы Президенті бағдарламасы талабының бірі, жеке сот орындаушылардың институтын одан әрі дамыту болып табылады. Соның бір айқын көрініс ретінде, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 349-VI Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өткім келеді.
Өзгерістер мен толықтырулар жеке сот орындаушының жұмысын едәуір жеңілдетеді. Бұрын-борышкердің жүрген жері белгісіз болған кезде, жеке сот орындаушы сотқа іздеу жариялау туралы ұсыныс жолдап, сотпен ұйығарым қабылданғаннан кейін, ішкі істер органдарына жолданатын. Қазіргі таңда, сот орындаушы іздеу жариялау туралы ішкі істер органына тікелей қаулы жолдайды. Қазіргі таңда, сот орындаушы атқару құжатын өндіріп алушыға қайтармай, тиісті өңірдің Өңірлік палатасына жолдауға жағдай жасалды. Бұдан бөлек, бір ай ішінде осы Заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты бойынша атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылады және оның қолдануы тоқтатылады. Әлеуметтік маңызы бар санаттарға- алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттар жатады.
Қызылорда облысында бүгінгі күні алимент өндіру бойынша 9500 іс бар. Оның ішінде 4529 табыстарынан өндіріліп тұрса, 235 іздеуде, 4355 өз еріктерімен өтеп отыр. Бүгінгі күні орындалуы қиындық туғызып отырған 235 өндіріс бар.
Олар бойынша күнделікті үй аралау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмекесі ұйымдастырылып, алименті бар әкелерге жұмыс орындары ұсынылды, өкінішке орай ұсынылған жұмыс орындарына бірі келіссе екіншісі бастартуда.
Осыған орай, жеке сот орындаушылармен борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар ішкі істер органдарына және әділет органдарына жолданды. Оған қоса, жеке сот орындаушылар жұмыссыз борышкерлерді жұмыс іздеуші тұлға ретінде Жұмыспен қамту орталықтарына тіркелу туралы хабарламалар жолданып отыр.
Алимент төлемдерін өндіру мақсатында, жеке сот орындаушылармен төмендегідей қамтамасыз ету шаралары қабылданады. Мысалы, банктегі есеп шоттарына тыйым салу, ондағы ақша қаражаттарын алып қою. Мүліктеріне тыйым салу және алып қою. Мүліктерін сауда саттықта сату. Республика аумағынан шығуына уақытша тыйым салу. Белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу. Жүргізу куәліктерінің қолдануын уақытша тоқтату. Бұл талаптар азаматтырдың баланың алдындағы әкелік жауапкершілігін қолға алуына, отбасы алдында азаматтық міндеттерін орындауына әкелуде. Қоғамның негізі – отбасы. Сондықтан әрбір әке бала алдында жауапкершілігін сезінуі керек.
К.В.Десятниченко,
Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының
Өңірлік палатасының басшысы.