12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Досжан ӘМІРОВ, Ақмола облыстық сотының төрағасы:«АЛДЫҢҒЫ ШЕПТЕГІ СОТТАРҒА АРТЫЛАР ЖҮК АУЫР»

«Заң газетінде» сот төрағаларына қойылатын талап төңірегінде бірнеше материал жарық көрді. Бұл тақырыптың қозғалуы орынды. Шынында өткен ғасырдың алғашқы жылдары айтылған «Бәрін де кадр шешеді» деген үндеу әлі де құндылығын жойған жоқ. Бүгінгі күні сот беделі жекелеген судьялар беделінен құралады, сондықтан да, әрбір судьяның білікті, білімді болуы шарт. Ал, енді тараптармен бетпе-бет бірінші кездесетін аудандық және оған теңестірілген сот төрағалардың салада алар орны тіптен ерекше. Өйткені, сот табалдырығын аттаған еліміздің әрбір азаматының сот билігі туралы ой-пікірі сол жерде қалыптасады. Жалпы қаралған бірнеше миллиондаған істің 7-8 % ғана жоғары тұрған сот сатыларына шағымданады. Сондықтан, алдыңғы шептегі аудандық сот төрағалары сайдың тасындай іріктелген болса ісіміз оңға басары сөзсіз.

Адалдықтың негізі – әділ шешім
Сотқа ешкім де жетіскеннен келмейді. Зәбір шегіп қажыған, сан соғып алданған, қысым көріп торыққан, ары
тапталып, намысы қорланғандар араша іздеп келеді. Үмітпен, сеніммен келеді. Кейде сол үміті ақталмай,
сенімнің быт-шыты шығып одан әрі мүжілген жан қайда бармақ? Әрине сол соттың төрағасына шағынады.
Төраға түсіністікпен қарап істің ақ-қарасын анықтап, дау-дамайды реттеп тындырып жатса құба-құп. Олай болмаған жағдайда айқай-шу одан әрі өршіп, енді төрағаның үстінен шағымдану басталады. Сонда бұл кім үшін абырой? Мәселені ушықтырмай дер кезінде, жедел түрде шешіп отырса артық айқай-шу болмайды. Төрағалар осыны ойлауы керек. Төрағалықты төрде отыру ғана деп ұғатын төрағалардың да кездесетінін жасыра алмаймыз. Өзі басқарып отырған сот беделі төрағаға тікелей байланысты. Төраға кім? Өз ұжымы тыныс-тіршілігінің ұйытқысы, ұйымдастырушысы. Ұйымдастыра білген ұтады. Төраға дәл басып табар тамыршыдай болу керек, оның назарынан ештеңе тыс қалмауы тиіс. Өйткені, әрбір істің сыртында бір немесе бірнеше тағдыр бар. Сондықтан, әр істің уақытылы қаралып дұрыс шешімін тауып, көшірмесі дер кезінде қолдарына тиіп жатуын жіті қадағалап отыруы керек. Егер әрбір сот төрағасы осы кемшіліктерге сергек қарап, дер кезінде реттеп отырса, соттың атына айтылып жатқан сын мен арыз да анағұрлым аз болар еді. Сондай-ақ, шұғыл мәжілісте әрбір қаралған істің нәтижесі талқыланып, әсіресе, өндірісте айлап жатып қалған істерге
көбірек көңіл бөліп, бұзылған не өзгертілген шешімдер талқыланып отыру керек. Өз мерзімінде кеңсеге
өткізілмеген, өндіріске өз уақытысында қабылданбаған істер, бес күн ішінде тергеу изоляторына жіберілмеген
үкім көшірмелері, уақытылы шығарылмаған қаулы т.б. шұғыл мәжілісте апта сайын талқыланып, отыру керек.
Төрағаның жұмыс тетігін жетік білуі, қай іске де сезімталдықпен сергек қарауы оң нәтижесін берері анық.

Бой түзейтін басшы керек
Кез келген қатардағы судьяның да, төрағаның да заңды жетік білуі басты шарт. Бірақ, білім бар да біліктілік
бар. Біліктілік пен көрегендік, ар-иман тазалығы, ұят пен намыс, қарапайымдылық пен кішіпейілділік төраға
беделін арттыра түспесе, нұқсан келтірмейді. Төрағалыққа кәсіби деңгейі жоғары, өмірлік тәжірибесі мол,
көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды тағайындау қажет. Өйткені, төраға өзгелерден оқ бойы озық тұрса оның
әрбір сөзі өнеге, әрбір ісі үлгі болмақ. Ұжым мүшелері басшысына қарап бойын тіктеп, ойын түзеп жатса ол тек қана жақсылық. Басшы назарынан ұжымдағы үлкен-кішінің қай-қайсысының да жұмысқа деген ынтасына қоса, қабағындағы кірбің, көңілінің хошы тыс қалмау керек. Тіпті, әрбір отбасының тыныс-тіршілігінен де хабардар болып отырса артық емес. Қамқорлық – қол ұшын созып және оны дер кезінде жасап отырсаң жаныңды жадыратар жақсы нәрсе. Азаматтық, құқықтық қарым-қатынастың бұзылмауының негізі адами қарым-қатынастың орнықтылығында. «Береке қайда барасың, ынтымаққа барамын» деген емес пе? Бұл әрбір төраға үшін басты қағида болса, қанеки. Кәсіби деңгейі жоғары, ұйымдастырушылық таланты бар әрбір іскер басшы өзін үздіксіз жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіби шеберлігін шыңдаумен бірге халқымыздың өткенін екшеп, бүгінін саралап, болашағына көз жүгіртіп отыру өз алдына, оған қоса әдебиет пен өнердің де інжу-маржанынан сусындап, рухани азық қорын молайтып, еселеп отыруды да естен шығармауы керек деп білемін. Қазақ даласының дамыған, сан-салалы өркениеті болғаны баршаға аян. Басқасын айтпағанда
«Есім ханның ескі жолы» мен «Қасым ханның қасқа жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысының» өзі не тұрады. Демек, бізде үлгі аларлық негіз бар ғой, ендеше неге үйренбейміз, неге үрдіске енгізбейміз? Әрбір судья өз мамандығын тек күн көріс кәсібім деп ұқпай, оны шығармашылық дәрежеге көтеріп жатса құба-құп. Айталық, судьяның сот процесін жүргізуі белгілі бір дәрежеде шеберлікті қажет етеді. Сергек сезім, дәл сәтінде айтылған сөз бен бұлтартпас сұрақ, әрбір сәтті қалт жібермей қадағалап, іштей ой қорытып отыру…
Осының бәрі де бір қарағанда жәй, қалыпты нәрсе болып көрінгенімен, шын мәнінде бұл бүтін бір творчество. Осы орайда, орашолақтығынан түсініксіз жазылған былдыр-шатпақ шешімді оқығанда кейбір әріптестерге қарап тұрып қарның ашады. Қынжыласың. «Іш қазандай қайнайды…» «Тіл дегеніміз ойдың киімі» депті
бір данышпан. Ал, айтқыш қазақ «Тіл – бас жарады, бас жармаса тас жарады» деп бір-ақ қайырған. Ой
анықтығынан барып анық сөз шығады. Ойлау мәдениетінен барып сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Әрбір судьяның, әрбір төрағаның ойлау мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін меңгеруі бүгінгі күннің талабы. Жалпы, бүгін заман озып, жаңғырып қайта түлеп жатқан ізденіске толы ұлы дүбірдің тұсында, біз де өмір көшіне жай ғана ілесіп жүре бермей, жаңаша ойлап, жаңаша жұмыс жасауымыз керек сияқты.

Судьялықты ауылдан бастау шарт
«Жұрт аудандық сот төрағасы болуға неге қызықпайды?» – деген сұраққа бір жақты жауап беру мүмкін
емес. Біріншіден, төрағаға қойылатын талап өте жоғары әрі ауқымды. Екіншіден, көп жағдайда шалғайдағы
аудандық соттарға төраға болып баруға ниет ететіндер өте аз. Өйткені, өзі айтып тұрғандай, ол аудандар облыс орталықтарынан шалғайда орналасқан. Үшіншіден, айлығының облыс орталығындағы қатардағы судьяның айлығынан 26 % кемдігі. Төртіншіден, мәдени ошақтардың және жоғары оқу орындарының жоқтығы. Алайда, «төраға болып, судьялықтың қыр-сырын, оның негізгі тетігі сот кеңсесінің жұмысын жетік меңгергім келеді» деген әріптестерімізге жоғарыда айтылған мәселелердің бірі де кедергі бола алмайды. Бұл жерде Марат Азбанбаев ағамыздың «Сот кадрларын академия емес, ауыл тәрбиелейді» деген мақаласының «Судьялықты ауылдан бастау шарт» – деген бөлігінде өте тамаша айтылған. Бүгінгі күні аудандық сот төрағасы қызметіне екі мерзімнен (он жылдан) артық тағайындауға болмайтыны туралы енгізілген шектеуден кейін көптеген аудандық сот төрағаларының орны ұзақ уақытқа бос болып, жұмыс сапасына әсерін тигізуде. Өйткені, алыс жақын аудандарда екі реттен төраға болғандарға шектеу қойылса, жас судьялар жоғарыда айтылған себептерге байланысты аудандарға барғысы келмейді. Бұл өмірде мәңгілік ештеңе жоқ.
Әйтеке би бабамыз айтпақшы, «Суалмайтын суат жоқ, тартылмайтын бұлақ жоқ, уақытысы жеткенде,
тамыры суда тұрса да қурамайтын құрақ жоқ», демекші, бұл енгізілгеншектеудің өзгеретін уақыты алыс
емес екендігін өмірдің өзі алға тартуда.

[ratings]

Қазақстан онлайн-қызмет көрсету индексі бойынша Топ-10 елдің қатарына енді

БҰҰ рейтингінде Қазақстан электрон үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына енді.

Салық қызметкерлері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады.

ЖЕР БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР

Қиян шеттегі ауылды қайдам, аудан орталығындағы жер бағасы сіз бен бізді ойландырмай қоймайды. Облыс не үлкен қала орталығына жақын елді мекендерді былай қойғанда, 10-15 мың түтіні бар моноқалалық жерде 10 сотық жер бағасы 2-3 млн теңгеден асып жығылады.

Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?

Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы айтты.

Елімізде 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 24, 25 және 26 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжап айтты.