Досымжан Таңатаров қызын ұзатты

Белгілі әнші Досымжан Таңатаров Қаракөз есімді қызын ұзатып, «қайын ата» атанды. Өнер иесі елорда төңірегіндегі мейрамханалардың бірінде дүркіретіп той жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әншінің отбасылық қуанышына өнердегі әріптестері ортақтасты. Тойға келген Ақбота Керімбекова:

«Өнер жолында қатар келе жатқан сапарлас дос-жарандармен Досымжанның шаңырағындағы қуанышқа ортақтастық!

Досымжан деген есімді ортасынан қақ бөліп, орынын ауыстыра оқысаңыз — Жандосым болады ғой. Екі атауға да лайық Досик бізге өте жақын! Балалардың бақытын қатар көріңдер, Досымжан-Айнұр! Уақыт деген-ай, ә, Досик, сенің де қайыната болғаның ғой», — деп жазды желідегі парақшасында.

Одан бөлек, Таңатаровтың тойына Нұрлан Өнербаев, Дастан Оразбеков, Бауыржан Есебаев, Әділ Ахметов, Ұлықпан Жолдасов, Саят Медеуов, Қанат Айтбаев, Серікзат Дүйсенғазы, Қалқаман Сарин сынды өнер өкілдері қатысқан. 

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...