Әділет майоры білім күнімен құттықтады

Қыркүйек білім күні. Бұл күні өзге ата- ана ұл-қыздарын мектепке апарып, балаларының ұстаздарымен танысып, білісіп жатады. Ал, жұмысы қауырт ҚАЖ саласының қызметіндегі ата- аналар бұндай қуанышты көзімен көре алмайды.

Өйткені, олар ел қауіпсіздігін сақтау жолында, уақытпен санаспай тынымсыз еңбек етуде. Сондай жандардың бір, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторының бастығы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы көп балалы әке. Бүгін кенже ұлы алғаш мектеп табалдырығын аттап,1- сыныпқа барып жатыр.

Әдеттегідей, жұмыс бабына қарай, балаларының алғашқы қызығына ортақтасып, бірге бола алмады.

Алайда, ұлының суретін көріп, кеудесі қуанышқа бөленді. Сол тебіреністен туған өлең жолдары арқылы өзі секілді погондағы қызметкер әкелерді және барша қазақстандықтарды білім күнімен құттықтап, баласына арнаған жүрек жарды жырын жолдайды.

Құтты болсын қадамың
Биік болсын талабың
Азамат бол ардақты,
Айналайын қарағым
Зейінді бол білімге
Озат болғың өмірде
Туың тіккің жеңістің
Туып өскен жеріңде

Үйрен түрлі өнерді
Тұлға болғың кемелді
Біліміңмен бағындыр
Күнде өзгерер әлемді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...