12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дербес кассациялық соттарды құру заман талабы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, еліміз сот-құқықтық реформаларды жүргізуде. Соның нәтижесінде қазіргі таңда құқықтық мемлекеттің негізгі талаптарына жауап беретін сот жүйесі әрекет етеді. Сонымен қатар, сот дербестігінің негізгі мәселелері де өз шешімін тауып, соттардың тәуелсіздігіне кепілдіктер берілді. 

Қазіргі таңда басымдық – тиісті талаптарға және қоғам сұранысына жауап беретін сот жүйесінде болып тұрғаны. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан жүзеге асуда. Мемлекет басшысының көптеген кездесулер барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті.

Қазақстанның құқықтық жүйесі соңғы жылдары бірқатар маңызды өзгерістер мен реформаларды бастан өткеруде, солардың бірі – кассациялық соттардың құрылуы. Бұл реформа әділетті сот жүйесін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды жақсартуға бағытталған. Кассациялық соттар сот жүйесінде жаңа деңгей ретінде әрекет етіп, сот актілерін қайта қарауға және заңды қадағалауды күшейтуге жол ашады. Қазақстанда енгізіліп жатқан кассациялық соттар – сот жүйесін жаңғыртуға арналған жаңа саты болмақ. Олардың негізгі міндеті – әділдікті қамтамасыз ету, заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ апелляциялық соттардың шешімдерін қайта қарау мүмкіндігін ұсыну. Қазіргі уақытта, бірінші сатының шешіміне көңілі толмаған тараптар апелляциялық алқаның шешімінеде тоқтай қоймайды. Тараптар кассациялық алқаның шешіміне үміттеніп, Жоғарғы Сотқа шағымданады.

Аудандық немесе облыстық соттар деңгейінде қаралған істер бойынша сот шешімдері қолданыстағы заңнамаға немесе сот практикасына қайшы келсе, жіберілген сот қателіктері кассацияда түзетілуге, сот актілерінің күші жойылуға, өзгертуге жатады. Тиісінше, процесс барысында жаңа кассациялық сот төменгі саты шешімдерінде іс жүргізу нормаларының сақталуына, заңдардың дұрыс қолданғанына баға беріп, барлық дәлелдемелерді обьективті түрде қаралғанын қамтамасыз етеді.

Дербес кассациялық соттар – сот өндірісінің жоғары сатысы, олар алдыңғы инстанциялар қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Мұндай соттарды құрудың басты мақсаты – шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етіп, сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту.

Құқықтық мемлекет құру жолындағы кез келген елдің негізгі міндеттерінің бірі – әділ сот жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және сот төрелігінің тиімділігін арттыру. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында сот жүйесіне елеулі реформалар жүргізіліп келеді. Соның ішінде дербес кассациялық соттарды құру жөніндегі іс-шаралар жоспары – сот төрелігін жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Бұл бастама сот төрелігінің сапасын арттыруға, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Яғни, кассациялық соттардың негізгі міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын тексеру. Олар апелляциялық соттардың шешімдерін құқықтық тұрғыдан бағалап, заң талаптарына сай болуын қадағалайды.

Алдағы уақытта кассациялық соттың тәжірибеге енгізілуі сотқа жаңа серпін беріп, жаңаша  бағытта бағдар алуға орын алуда. Сонымен қатар, кассациялық соттардың құрылуы Қазақстанның сот жүйесін одан әрі дамытуға, сот шешімдерінің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болып табылатыны сөзсіз.

Кассациялық соттарды құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бірнеше негізгі бағытты қамтиды: заңнамалық өзгерістер енгізу, судьяларды оқыту, инфрақұрылымды дамыту және халықпен кері байланыс орнату. 

Бұл жоспарды жүзеге асыру сот өндірісінің ашықтығын арттырып, құқықтық қорғауды күшейтеді.

Кассациялық соттардың дербес құрылуы бірнеше маңызды артықшылықтар береді:

1. Сот жүйесінің тәуелсіздігі мен әділдігі артады. Кассациялық соттардың дербестігі судьялардың шешім қабылдаудағы тәуелсіздігін күшейтеді, бұл әділ шешімдер қабылдауға негіз болады.

2. Процестердің ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Кассациялық соттардың дербес болуы сот отырыстарының ашықтығын арттырып, азаматтардың процестерге қатысуын жеңілдетеді.

3. Сот өндірісінің сапасы жоғарылайды. Судьялардың мамандану деңгейінің артуы және іс жүргізу процесстерінің оңтайландырылуы сот шешімдерінің сапасын жақсартады.

Дербес кассациялық соттарды құру жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстанның сот жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған батыл әрі маңызды қадам деп түсінемін. 

Бұл реформа сот төрелігінің ашықтығын, әділдігін және қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің құқықтық жүйесінің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сот жүйесіне енгізілетін бұл өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді, заң үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу 

сотының судьясы 

Бихан Нүргул Сұлтангерейқызы

Алқабилердiң құқықтық жағдайы және олардың мәртебесi

           Қабылданып жатқан заңдарға көз тігетін болсақ, Қазақстан Республикасында...

Процестегі тәртіп: кім және қалай қамтамасыз етеді?

           Сот залы – әділдік пен заң үстемдік құратын...

Неке бұзудың қоғамға зияны

Отбасы – қоғамның іргетасы, ұлттың ұйытқысы. Мықты мемлекет –...

Моральдық және материалдық зиянды өтеу

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (әрі қарай – АК) сәйкес,...

Ана тілім — мақтанышым

Мемлекеттік тіл - елдің халқын, бірнеше ұлттың басын қосатын,...