12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Денсаулық – өмірдің мәні, ұлт саулығы – басты байлық

    Денсаулық – адам өмірінің ең қымбат байлығы. Ол адамның физикалық және психологиялық жағдайының үйлесімділігін білдіреді. Денсаулық – адамның белсенді өмір сүруі мен қоғамға пайдалы болуына мүмкіндік беретін басты фактор. Ал ұлт денсаулығы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы шешуші көрсеткіштердің бірі. Денсаулық – адамның толыққанды өмір сүруінің, білім алуының, еңбек етуінің және армандарын жүзеге асыруының негізі. Дені сау адам өз өмірін белсенді және өнімді өткізе алады.Ұлт саулығы – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен дамуының маңызды негізі. Дені сау ұлт-тиімді жұмыс күші, инновацияларға бейім және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі. Денсаулық физикалық жағдаймен шектелмейді, ол рухани және әлеуметтік әл-ауқатты қамтиды. Денсаулықтың жақсы болуы адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, қоғамдағы бірлікті арттырады. Тұрақты даму мақсаттары  — 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған және 2030 жылға дейін жүзеге асыруға бағытталған 17 ауқымды мақсаттар жиынтығы. Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты «жақсы денсаулық және әл-ауқат». Бұл мақсат тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі дені сау және жақсы өмір сүретін қоғам – экономикалық және әлеуметтік дамуға негіз бола алады. Ұлттың денсаулығы мемлекеттің өркендеуі мен болашағының негізі, ал «Дені сау ұлт» қалыптастыру еліміз үшін басты стратегиялық мақсаттардың бірі. Ұлт саулығын сақтау жолдары

1.Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту – халықтың денсаулығын жақсартудың негізгі жолдары.

2.Әрбір азамат сапалы және қолжетімді медициналық қызметке ие болуы қажет.

3.Аурулардың алдын алу мақсатында халықты вакцинациялау, скринингтер өткізу және ақпараттық кампаниялар ұйымдастыру маңызды.

4.Экологиялық таза орта – денсаулықтың негізі. Ауаның, судың және топырақтың ластануын азайту ұлт саулығын сақтауға ықпал етеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да денсаулыққа байланысты сабақтар мен дәрістер енгізілген, білім алушыларға салауатты өмір салтын ұстануды үйретеді. Білім беру жүйесі арқылы дұрыс тамақтану, гигиена, спортпен айналысу туралы ақпарат беру ұлт саулығын нығайтудың ұзақ мерзімді шараларының бірі болып табылады. Дені сау адамдар жоғары өнімділікте жұмыс істеп, экономиканың әр саласында өз үлесін қосады.Халықтың денсаулығы жақсы болса, қоғамда әлеуметтік тұрақтылық сақталады. Денсаулық мәселелеріне байланысты шиеленістер азайып, қоғамдық байланыстар нығаяды. Сонымен қатар, салауатты өмір салты да қоғамдық мәдениеттің маңызды бөлігіне айналады.Халықтың денсаулығы – елдің демографиялық өсуінің маңызды факторы. “Денсаулық – зор байлық” деген халық даналығы адамзат өмірінің мәнін ашып көрсетеді. Әрбір адам өз денсаулығын сақтауға жауапты, ал мемлекет ұлт саулығын нығайтуға барлық жағдай жасауы тиіс. Денсаулық – тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның, мемлекеттің де басты байлығы. Салауатты ұлт – жарқын болашақтың кепілі.

 Торгауытова Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к.

Кедейлік — жалпыадамзаттық мәселе

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) ең алғашқысы – «Кедейлікті жою»,...

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Привлечение к общественным работам – польза обществу

За совершение уголовных проступков существует мера наказания - как...

“Семьи разные нужны — семьи разные важны”

26 ноября 2024 года в столичной колонии психологом учреждения...