ДДСҰ басшысы: COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясы әлі аяқталмағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua порталына сілтеме жасап.

Ұйым Еуропа елдеріне қарт адамдарға, иммунитеті әлсіз адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге, сонымен қатар, медициналық мекемеде жұмыс істейтіндерге вакцинаның үшінші дозасын салуды ұсынды. 

«Вирустың жаңа толқыны жүріп жатыр, пандемия әлі аяқталмады және вирус еркін тарап жатыр», — дейді Гебрейесус. 

ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райанның айтуынша, коронавирустың өршуі «омикрон» BA.4 және BA.5 нұсқаларымен, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау шаралары мен әлеуметтік шараларды алып тастауымен байланысты.

«COVID-19 жағдайының көбеюіне алаңдап отырмын, бұл денсаулық сақтау жүйесі мен медицина қызметкерлеріне жүк түсіріп отыр. Сонымен қатар, адам өлімі көбейгеніне алаңдап отырмыз», — дейді Райан. 

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...