12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БҮЛІНГЕН ДҮНИЕ БҮТІНДЕЛЕДІ

Кешегі тасқында су алған елді мекеннен бөлек, электр желілері тартылған бағаналары қирап, жолдар жырылып, қатынасқа қиындық тудырғаны белгілі. Қазір жер дегдігелі зардап шеккен мұндай инфрақұрылымға қомақты қаржы бөлініп, кейбір жобалардың басталып кеткені мәлім. Су астында қалған үйлер қайта салынып, тасқын жарған жолдар да тегістелуде. Дәл осындай шаралар Ақмола облысында да қолға алынуда. Биыл осы өңірдің жол құрылысы бойынша 130-ға жуық жоба іске асырылмақ.

Өткен ай соңында ғана облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында осы мәселе қозғалды. Жиында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков өңірдегі көлік жолдарын салу және жөндеу барысы туралы баяндаған еді. Оның сөзінше, биыл жолдарды жақсартуға 66 млрд теңге жұмсалған. Бұның ішінде облыстық, аудандық маңызы бар автожолдар мен елді мекендердің көше жолдарын салу және жөндеу жоспарланыпты. «Облыстық маңызы бар жолдарды салу және жөндеу шеңберінде 23 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл – «Щучинск-Степняк-Уәлиханова», «Астана қаласының Шығыс айналма жолы — Сарыоба станциясы», «Бабатай-Волгодновка-Береке-Бұлақсай», «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-­Минское», «Щучинск — Н и к о л а е в к а » «Бурабай-Қатаркөл», «Қорғалжын -­Арықты — С а б ы н д ы » , «Жақсы-­Державинск», «Есіл-Свободное-Раздольное», «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» және тағы басқалары. Сонымен қатар, облыста асфальтбетон және құм-қиыршық тас қоспасымен шұңқырларды жөндеу, қиыршық таспен жабылған жолдарды толтыру және профильдеу, жол таңбаларын орнату, жаңа жол белгілерін ауыстыру және орнату және т. б. жұмыстар жалғасуда», – дейді басқарма басшысы. Жалпы, биылғы су тасқынында Ақмола өңірінде республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды еріген қар суы басудың 141 дерегі тіркелген. Соның нәтижесінде 40-қа жуық автомобиль жолы зардап шекті. Бүгінгі таңда барлық елді мекендерге көлік қатынасы қалпына келтірілді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ директоры Нұржан Жұқабетов Ақмола филиалы жүргізіп жатқан жұмыстар және облыстағы республикалық маңызы бар жолдар бойынша жоспарланған жобалар туралы айтып берді. Ал кеңесте облыс басшысы Марат Ахметжанов жауапты мемлекеттік органдардың автожолдарды салу және жөндеу бойынша жұмыстарының нашарлығына назар аударды. «Әлеуметтік желілерде жолдарды сапасыз жөндеуге қатысты тұрғындардың өтініштері әлі де көп. Сондықтан құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде орындалатын жұмыстар мен қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау қажет», – деді облыс әкімі. Мұнан соң аймақ басшысы қатысқан отырыста жылу беру маусымына дайындық мәселесі де қаралды. «Ағымдағы жылы жылу беру маусымына дайындалуға барлық қаржыландыру көздерден шамамен 32 млрд теңге бөлінді. Жылумен жабдықтау көздері мен желілерінің тозуы жоғары өңірлерде – Көкшетау және Степногорск қалаларында, сондай-ақ Бурабай, Шортанды, Ақкөл, Атбасар аудандарында жөндеу жұмыстары ерекше назар аударуды талап етеді. Ондағы желілердің тозуы 56%-дан 81%-ға дейін ұлғайып отыр. Алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жөндеу науқаны бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады», – деп хабарлады жиында энергетика және тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақжол Қылышбаев. Жылыту маусымының сәтті өтуі және пәтерлерде температуралық режимді сақтау үшін ел алдымен басқару органдарының қыста көп пәтерлі тұрғын үйлерді дайындау қажет. Жоспарға сәйкес, облыста 2630 көп пәтерлі тұрғын үйдің дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жұмыстардың орындалуы жағынан Бурабай ауданы артта қалып келеді. Сондай-ақ су тасқыны кезінде электр желілерінің 286 тірегі зақымдалған. Қазір 196-сы қалпына келтірілді, жұмыстар әлі жалғасуда. Бұдан бөлек, жиында жаңа абоненттерді жылу желілеріне қосу тәртібі, халықты көмірмен және мазутпен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Облыс әкімі жиында аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне қажетті салалық басқармалармен бірлесіп, жөндеу жұмыстарының барысына мониторинг жүргізуді және алдағы жылу беру маусымының үздіксіз өтуі үшін толық дайындықты қамтамасыз етуді нығыздап тапсырды.

«Біз штаттан тыс жағдайлар орын алған кезде салдарының тәуекелдерін бағалау және зақымдануды азайту үшін тез әрекет етуге дайын болуымыз, жылумен жабдықтаудың бұзылуына жол бермеуіміз керек. Сондай-ақ апатты жағдайда отын мен керекті материалдардың, жабдықтар мен техниканың нормативтік қорын қамтамасыз ету қажет», – деп түйіндеді М.Ахметжанов. Енді аймақ басшысы айтқан сын мен берген тапсырмалардан қорытынды шығару сала басшыларының міндетінде.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

КӨЗ АРБАҒАН КӨКШЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен туризмді дамыту жөніндегі...

ЖОЛ ЖӨНДЕУГЕ БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ ҚОМАҚТЫ

Ақмола облысындағы жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығы 8 мың...

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАБУ – ОРТАҚ ІС

Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың барлық салаға кері ықпалын...

В Алматинской области продолжается общенациональная акция «Таза Қазақстан»

В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» жители Алматинской области...

Алматы облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы облысының тұрғындары туған...