ЖОЛ ЖӨНДЕУГЕ БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ ҚОМАҚТЫ

Ақмола облысындағы жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығы 8 мың шақырымды құрайды. Оның 2,3 мың шақырымы республикалық маңызы бар, 2,7 мың шақырымы облыстық маңызы бар, 3 мың шақырым аудандық маңызы бар жолдар. Ал қалаішілік автожолдардың ұзындығы 1,3 мың, кентішілік автожолдар 6 мың шақырымды құрайды. Былтыр бұл өңірде мың шақырымға жуық жол жөнделген болатын. Биыл бюджет есебінен 1017 км жергілікті маңызы бар жолдар мен көше-жол желісі жөнделмек.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаковтың айтуынша, Ақмола облысында биыл жолдарды жақсартуға 66 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалады. Онда облыстық, аудандық маңызы бар автожолдары мен елді мекендердің көше-жол желісін салу және жөндеу жоспарланған. Мәселен, облыстық маңызы бар жолдарды салу және жөндеу шеңберінде 23 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың ішінде «Щучинск-Степняк-Уәлиханов», «Астана қаласының Шығыс айналма жолы-Сарыоба станциясы», «Бабатай-Волгодновка-Береке-Бұлақсай», «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минское», «Щучинск-Николаевка», «Бурабай-Қатаркөл», «Қорғалжын-Арықты-Сабынды», «Жақсы-Державинск», «Есіл-Свободное-Раздольное», «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» және тағы басқалар бар. Қазіргі таңда асфальтбетон және құм-қиыршық тас қоспасымен шұңқырларды жөндеу, қиыршық таспен жабылған жолдарды толтыру және тегістеу, жол таңбаларын орнату, жаңа жол белгілерін ауыстыру және орнату сияқты өзге де жұмыстар жүріп жатыр. Облыстық әкімдік сайтындағы 2023 жылғы шілдедегі статистика бойынша, Ақмола облысындағы автовокзалдар мен автостанциялардың бәрі белгіленген стандарттарға сәйкес келеді. Тұрақты жолаушылар маршруттарында автобустардың ескіру үлесін қысқарту 44,76 пайызды, ал тасымалдаушы таксилердің санын арттыру 215 бірлік, ал қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 87 пайызды құрады.

Е.ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...