Болашақ зейнетақыны қалай көбейтуге болады? 

Зейнет жасына шыққанда көбірек қаражат алғысы келетін азаматтар үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ерікті зейнетақы жарналарын төлеу мүмкіндігін ұсынады. Бұл тәсіл азаматтарға өз зейнетақы жинағын қосымша ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ерікті жарнаны кім және қалай төлей алады?

БЖЗҚ мәліметінше, ерікті зейнетақы жарнасының мөлшерін де, оны төлеу мерзімін де азаматтың өзі белгілейді. Яғни қалаған соманы өзіне ыңғайлы уақытта аударуға болады.

Ерікті жарнаны тек өзіңіз үшін ғана емес, басқа адамның атына да аударуға мүмкіндік бар. Мысалы, жұмыс істемейтін жұбайыңыздың шотына қаражат сала аласыз. Сондай-ақ жұмыс беруші де қызметкерлерінің пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын аудара алады.

Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейлі банктер арқылы аударуға болады.

Сонымен қатар азаматтың өтініші бойынша жұмыс беруші таңдаған соманы жалақыдан ұстап қалып, оны БЖЗҚ-ға аударады.

Міндетті жарнаны алмастырмайды

БЖЗҚ ерікті зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын алмастырмайтынын ескертеді.

Өйткені міндетті жарналар азаматтың негізгі зейнетақы жинағын қалыптастырады және олардың төленген кезеңі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есептеу кезінде ескеріледі.

Ал ерікті жарналар жинақты көбейткенімен, оларды төлеу мерзімі қатысу өтіліне кірмейді және базалық зейнетақының мөлшеріне әсер етпейді.

Ерікті жарнадағы қаражатты кімдер мерзімінен бұрын ала алады?

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражатты зейнет жасына дейін де алуға болатын жағдайлар бар.

Оған:

  • 50 жасқа толған азаматтар;
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • Қазақстан азаматтығынан шыққан тұлғалар жатады.

БЖЗҚ мәліметінше, ерікті зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражат мұрагерлікке беріледі.

Курултай: выбор сделан

КАЗАХСТАН ВПЕРВЫЕ ИЗБРАЛ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. 23 АВГУСТА СТРАНА ГОЛОСОВАЛА ЗА НОВЫЙ ОДНОПАЛАТНЫЙ ПАРЛАМЕНТ, КОТОРЫЙ ПРИШЕЛ НА СМЕНУ ПРЕЖНЕЙ ДВУХПАЛАТНОЙ СИСТЕМЕ. В ВЫБОРАХ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 9,35 МЛН ГРАЖДАН, А ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЙ ПЯТИПРОЦЕНТНЫЙ БАРЬЕР ПРЕОДОЛЕЛИ ПЯТЬ ИЗ СЕМИ ПАРТИЙ.

Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстандықтар зейнетақыға 28,35 трлн теңге жинады 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары өсіп келеді. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың жалпы көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті.

Үш жылда қазақстандықтардың дауыс беруі қалай өзгерді? 

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының алдын ала нәтижелері белгілі болды. Сайлауға қатысқандардың саны 74%-дан асты, ал сайлауға қатысқан жеті партияның бесеуі бес пайыздық межеден өтті.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.