Қазақстандықтар зейнетақыға 28,35 трлн теңге жинады 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары өсіп келеді. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың жалпы көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті. БЖЗҚ  хабарлағандай, бір жыл ішінде бұл сома 3,5 трлн теңгеге немесе 14,1%-ға өскен.

Жинақтардың негізгі бөлігі – 26,31 трлн теңге міндетті зейнетақы жарналарына тиесілі. Соңғы 12 айда олардың көлемі 11,4%-ға өсті.

Тағы 751,56 млрд теңге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталды. Ерікті зейнетақы жинақтары 10,41 млрд теңгеге жетті.

2024 жылдың қаңтарынан бастап түсе бастаған жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебіндегі жинақтар ерекше қарқынмен өсті. 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың көлемі 1,27 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.

2026 жылдың алғашқы жеті айында қазақстандықтардың зейнетақы шоттарына 2,1 трлн теңгеден астам жарна түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық.

Жарналардан бөлек, жинақтар зейнетақы активтерін инвестициялау арқасында ұлғайып жатыр. Жыл басынан бері таза инвестициялық табыс 1,23 трлн теңгені құрады.

Бұл ретте қаңтар-шілде айларында БЖЗҚ-дан 1,08 трлн теңгеден астам қаражат төленіп, сақтандыру ұйымдарына аударылды. Жас бойынша төлемдерге шамен 171 млрд теңге бағытталды. Зейнеткерлік жасқа толғандар үшін БЖЗҚ-дан берілетін орташа ай сайынғы төлем мөлшері 38 993 теңгені құрады.

Тағы 435,2 млрд теңгені қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге жұмсады. Мұрагерлік бойынша 63,06 млрд теңге төленді, ал Қазақстаннан тыс жерлерге тұрғылықты жер ауыстыруға байланысты 28,13 млрд теңге аударылды.

1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да 18,89 млн зейнетақы шоты есепке алынды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,12 млн-ға артық. Оның ішінде 12,84 млн-ы – жеке зейнетақы шоттары, ал 6,06 млн-ы – жұмыс берушілердің міндетті жарналары есепке алынатын шартты шоттар.

Бакуде  «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме ашылды

Әзербайжанның Ұлттық тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің...

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.