Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар сайлау учаскелеріндегі дауыс беру үдерісіне, комиссия мүшелерінің дайындық деңгейіне және сайлаушыларға жасалған жағдайға тоқталды.

Түркия: Сайлаушылардың қатысуы 70 пайыздан асты

Түркия Республикасының Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы, доктор Сердар Мутта Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдірді.

Төраға алдымен ел бойынша сайлаушылардың қатысу деңгейі 70 пайыздан асқанын атап өтті.

Ел көлемінде 70 пайыздан жоғары қатысу көрсеткішін көріп отырмыз. Бұл нәтижелер Қазақстан халқының демократияға деген сенімін одан әрі нығайтты, – деді ол.

Сердар Мутта сайлау нәтижелері Қазақстан халқына және бүкіл түркі әлеміне игілік әкелсін деген тілегін жеткізді.

Осы ретте сайлау нәтижелерінің бүкіл Қазақстан халқына және күллі түркі әлеміне қайырлы болуын тілеймін. Түркияның Жоғары сайлау кеңесі атынан Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына және бүкіл Қазақстан халқына зор алғысымды білдіремін. Баршаңызды құрметпен қарсы аламын. Қазақстан халқына және қадірлі қатысушыларға рақмет айтамын, – деді Түркия Республикасының Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы.

Грузия: Дауыс беру үдерісі жақсы ұйымдастырылып, тыныш өтті

Ал  Грузия делегациясының құрамында ОСК төрағасы мен және Грузия Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болған. Және олар  негізінен елорда мен оның маңындағы сайлау учаскелерін қамтыды.

Біз бақылаған жағдайлар сайлау күні учаскелік деңгейде үдерістің қалай ұйымдастырылғаны туралы белгілі бір түсінік береді. Жалпы алғанда, біз бақылаған дауыс беру үдерісі жақсы ұйымдастырылған, тәртіпті және тыныш өтті деген пікір қалыптасты, — деді Грузия ОСК төрағасы Георгий Каландаришвили.

Сондай-ақ сайлау учаскелерінде комиссия мүшелерінің жұмысына оң баға берді.

Сайлау учаскелері сайлаушыларды қабылдауға дайын болды, сайлаушылар ағынын ұйымдастыру жалпы алғанда түсінікті болды, ал дауыс беру үдерісі көзге көрінетін қандай да бір кедергісіз өтті. Сайлау учаскелеріндегі қызметкерлердің кәсібилігі мен дайындығын ерекше атап өткен жөн, — деді ол.

Армения: Ең басты бағаны Қазақстан азаматтары береді

Ваагн Овакимян сайлауды ұйымдастыру үлкен жауапкершілік пен ауқымды жұмысты талап ететінін атап өтті.

Біз, орталық сайлау комиссияларының өкілдері, әр елдегі сайлау комиссияларына қаншалықты күрделі жұмыс жүктелетінін жақсы білеміз. Барлық жұмыс халықтың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталады. Азаматтар өздерінің саяси өкілдерін, депутаттарын еркін таңдай алуы және берген дауысының есепке алынатынына сенімді болуы керек, – деді ол.

Оның айтуынша, халықаралық байқаушылар да Қазақстандағы сайлау үдерісінен өз елдеріне пайдалы тәжірибе ала алады.

Осында келген барлық делегаттар көрген тәжірибеден өзіміз үшін пайдалы әдістерді алып кетеміз деп ойлаймын. Өйткені сайлау комиссиялары бақылау жүргізген кезде бір-бірінің тәжірибесін зерделеп, тәжірибе алмасады. Қазақстанда көрген тәжірибенің кейбір тұстары біздің елдерімізде де қажет болуы мүмкін, – деді ол.

Армения ОСК төрағасының пікірінше, сайлау үдерісіне ең негізгі бағаны ел азаматтарының өзі береді.

Әр байқаушы сайлау үдерісіне өзінше баға бере алады. Бірақ ең басты бағаны халық, Қазақстанда тұратын азаматтар береді. Партиялар мен олардың өкілдерінің осында болуы – сайлауға берілген ең жоғары баға, – деді Ваагн Овакимян.

Тәжікстан: Сайлаушылардың еркін таңдауына ықпал ететін заңбұзушылық анықталған жоқ

Тәжікстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру барысына қатысты пікір білдірді.

Бахтиёр Худоёрзода халықаралық байқаушылардың сайлау күні Астана қаласындағы бірнеше сайлау учаскесінде дауыс беру барысын бақылағанын жеткізді.

Дауыс беру күні біз тікелей бақылауға кірістік. Күні бойы Астана қаласында орналасқан бірнеше сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын бақыладық. Сайлау комиссияларының қызметі жариялылық пен ашықтық қағидаттарына сай болды. Сайлаушылар өз еркін білдіру құқығын еркін жүзеге асырды. Дауыс беру барысында сайлаушылардың еркін таңдауына ықпал етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ, – деді Тәжікстан ОСК төрағасы.

Сөз соңында ол бауырлас Қазақстан халқына ізгі тілегін білдірді.

Ресей: Қазақстандағы учаскелер – ең үздік үлгілердің бірі

Ресей Федерациясы мен Қазақстанның сайлау жүйелері арасында бұрыннан қалыптасқан жақсы қарым-қатынас пен тығыз кәсіби диалог бар екенін білесіздер деген Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Павел Андреев Қазақстандағы Құрылтай сайлауының ұйымдастырылуына жоғары баға берді.

Ресей Федерациясының 18 өңіріндегі сайлау комиссияларының 20 өкілі 8 облыста және Астана қаласында бақылауға қатысты.Сондай-ақ жастар сайлау комиссияларының өкілдері де бақылау жүргізді. Жастар сайлау комиссияларының өкілдері Ресей Федерациясының аумағындағы Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Омбы және Қазан қалаларындағы сайлау учаскелерінде де бақылау жүргізді, — деді ол.

Сондай-аш комиссия мүшелерінің дайындық деңгейін жоғары бағалады.

Әрқайсысы өз міндетін білді, не істеу керектігін, қалай жұмыс істеу және дауыс беруді қалай ұйымдастыру қажеттігін жақсы түсінді.Сайлау учаскелерінің жабдықталу деңгейі де өте жоғары болды. Біз көптеген елдердегі сайлау учаскелеріне барып жүрміз. Қазақстандағы учаскелер – сайлау учаскелерін жабдықтаудың ең үздік үлгілерінің бірі, — деді ол.

Және, әрине, дауыс беруге келген сайлаушыларға көрсетілген құрметті де ерекше назарға алды.

Бір учаскеде 90 жастағы қарт әже келіп, оған көңіл бөлініп, құттықтап жатты. Жалпы сайлау учаскелңнде ең алғаш дауыс берушілерге, ең қарт дауыс берушіге осындай құрмет көрсетілгенін ерекше назарға алғым келеді, — деді ол.

Еске сала кетейік, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Игорь Петришенко Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін мәлімдеді.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.