Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау күні Қазақстанның медициналық ұйымдарында 657 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 318 ұл және 339 қыз бала бар.

Ең көп нәресте дүниеге келген өңірлер

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Алматы қаласында – 60 бала, Түркістан облысында – 54, Шымкент қаласында – 51 бала тіркелді. Ел бойынша бір егіздер жұбы дүниеге келді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жүкті әйелдерді қауіпсіз бақылауды және босандыруды қамтамасыз етіп, ана мен жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмек көрсетеді. 657 қазақстандық отбасы үшін бұл күн ел өміріндегі маңызды саяси оқиғамен ғана емес, жаңа адамның дүниеге келуімен де мәңгі есте қалатыны сөзсіз, — деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келгені хабарланды. 

Бакуде  «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме ашылды

Әзербайжанның Ұлттық тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің...

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.