Билл Гейтс жаңа пандемияны болжады

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс COVID-19 ауыр ағымының қаупі айтарлықтай төмендегенін, бірақ тағы бір пандемия келе жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.

Гейтс Германиядағы жыл сайын болатын Мюнхен қауіпсіздік конференциясында CNBC-ге сөйлеген сөзінде COVID-19-дың қаупі төмендегенін айтты.

«Егде жастағы, семіздікпен, қант диабетімен ауыратын адамдар үшін бұл инфекцияның қаупі күрт төмендеді «, — деді ол.

Алайда оның пікірінше, әлемге тағы бір пандемия келеді.

«Әлемге тағы бір пандемия келеді. Жаңа пандемия коронавирус отбасынан басқа патогенмен байланысты болады», — деп қосты ол.

Гейтс, егер инвестиция қазір салынса, медициналық технологиядағы соңғы жетістіктер жаңа пандемиямен жақсы күресуге көмектесетінін айтты.

«Егер барлық ел Аустралия сияқты әрекет етсе бұл пандемия болмас еді», — деді ол.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...