Әбілхайыр Тамабек Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан үкіметінің Қаулысымен Әбілхайыр Ғалымұлы Тамабек ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында дүниеге келген. Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Әбілхайыр Тамабектің еңбек жолы:

  • Еңбек жолын 2011 жылы жеке компанияда инспектор болып бастаған.
  • 2015-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 2020-2022 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы.
  • 2022 жылғы ақпан айынан бастап қазірге дейін — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...