Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады.

1994-1998 жылдары — Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істген.

1998-2016 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеген.

2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...