12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«…БЕРЕКЕҢ КЕТСЕ НЕҢ ҚАЛАР?!»

Тарихымызға «қанды қаңтар» атымен енген дүрбелеңде Алматы қаласындағы, еліміздің бірқатар аймақтарындағы стратегиялық және кәсіпкерлік нысандар үлкен зардап шекті. Олардың кейбірі өртелсе, кейбірінің есік-терезесі бұзылып, қиратылып, тоналды. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» дегендей лаңкестер әсем қаламыздың әр жерінде лаң салып жатқанда, ниеті бұзық, қолының сұғанағы бар кейбір замандастарымыз бұл сәтті құр жібермеді. Жанармай бекеттерін, дүкендер мен банкілерді тонады. «Бір күнгі керістің қырық күнгі кесірі боладының» кері келді.

Ел иігілігіне келтірілген зардаптың құны қай жағынан да ауыр. Қаржылық шығынның сыртында бұл сол ұйымдардың жұмысына, оларда жұмыс істеп, нәпақасын айырып жүрген қауымның әлеуметтік жағдайына да ізін салатыны анық. Бүгінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал туралы деректерді қабылдап жатыр. 2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің 9 өңірінде 2164 объектіде орналасқан 1823 бизнес нысанының зардап шеккені анықталды. Мұнда, әсіресе, арман қала, тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматы шаһарына тиген соққы ауыр болды. Жалпы, ел аумағындағы бизнес нысандарына келген зардаптың 90 пайызға жуығы осы мегаполиске тиесілі. Мәселен, Алматыдағы 1876 объектіде орналасқан 1573 бизнес құрылымы тоналған, кейбірі қарақшылық шабуылға ұшыраған. Зардап шеккен кәсіпкерлердің көбінің ісі микро (675) және шағын (914) кәсіпкерлікке жатады екен. Олардың ішінде сауда саласындағы бизнес құрылымдары бойынша – 1640, қоғамдық тамақтану бойынша – 58, қаржы секторы бойынша – 86, логистика бойынша – 34, бұқаралық ақпарат құралдары бойынша – 5 құрылым бар. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынып отырған мәліметінен білгеніміз, шығынның бүгінге дейінгі белгілі болған жалпы сомасы 93,7 млрд теңгеден асты. Үкіметтің алғашқы отырысында қаралған мәселелер осы болды. Бүгінде бұл шығынды өтеудің нақты тетігі айқындалды. Кәсіпкердің жылжымайтын мүлігіне, жабдықтарына және тоналған тауарлары бойынша залал көлемі есептеліп, негізінен мемлекет тарапынан өтелетін болды. Бұл үшін кәсіпкер InfoKazakhstan арқылы шығынды өтеу туралы өтінім беруі керек. Ол бірінші әкімдік, мәслихат, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылған аймақтық комиссияда қаралады. Бұл ұйым осы өтініш негізінде шығынды бюджеттен өтеу туралы шешім шығарады. Қаражат содан соң ғана кәсіпкердің шотына аударылады. Тәртіпсіздік салдарынан шығынға батқан кәсіпкерлер өтінімді әзір бере алмайды. Өйткені, келтірілген залалды өтеу тетігі нақты бекітілген жоқ. Ол таяу күндері жасалып, қабылданады. Сонымен қатар, бизнес өкілдерінің жақында құрған «Күшіміз бірлікте» қоры да бүлік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесетіндерін жеткізді.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы азаматтарды кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетуге шақырып, оларға банк реквизиттерін ұсынып жатыр. Ендігі міндет халықтың жұмыс орны, күн көрісі болып отырған бизнес нысандарын қалпына келтіріп, олардың шығынын өтеу. Осы тұрғыда біз әңгімеге тартқан қаржы сарапшыларының пікірі бұл шараның елдің экономикасы, халықтың бақуатты тірлігі үшін маңызын ұғындыра түседі. Мәселен, экономист Бауыржан Ысқақов бұл жағдайдың кәсіпкерлердің қателігінен емес, форс-мажорлық жағдайдан туындап отырған қиындық екенін атап көрсеткен еді. Ақиқатында елдік тәуекелділік орын алды. Сондықтан оның айтуынша, кәсіпкерлерге қолдау жасау керек. Өйткені, олар қаншама қаражатын салып, көбі банкілерден несие алып, жеке ісін ашып, жұмыс орындарын құрды, мемлекетке салық төледі. Қандай деңгейдегі кәсіпкер болмасын бұл тұрғыда сенімді болып, ертеңгі күні үшін алаңдамауы тиіс. Жалпы, Қазақстан Орта Азиядағы қаржылық және саяси тұрақтылығы бар және инвестициялық тартымдылығы бар мемлекеттердің алдыңғы қатарында. Егер осы жағдайда мемлекет кәсіпкерлердің қиындығынан сырт қалатын болса, бізге келейін деп тұрған инвестициялар көршілес елдерге кетіп қалуы мүмкін. Бұл деген қаншама жұмыс орындарынан айырылып қалуға әкелетін әлеуметтік-экономикалық салдары өте ауыр жағдай болады. Мұнымен салыстырғанда 100 млрд теңге мемлекет үшін көп қаражат емес. Жалпы шығынның көлемі 100 млрд теңге бола ма, одан көп бола ма, оны қаржылық ресурстарды, атап айтқанда Ұлттық қор секілді ұйымдарды тартып тез жабуымыз керек. Жаңадан құрылған «Қазақстан халқы» қорының негізгі бағыты осы кәсіпкерлердің шығынын өтеп, олардың қайтадан аяқтан тұруына бағытталғаны ләзім. Бірақ бір нәрсенің басын ашып алу керек, шығындар нақты айқындалып, нағыз қажетті нысандарға берілу керек. Сондықтан бұл шараның ашықтығы басты назарда болуы тиіс. Шығындарды есептеуге тіркелген тәуелсіз сарапшылар тартылуы қажет. Осындай форс-мажорлық жағдайлар орын алған елдерде жұмыс істеген бағалаушылар, сарапшыларды шақырту оң шешім болар еді.

Белгілі қаржы сарапшысы Мақсат Халықтың пікірі де осы мазмұнда өрбіді. Мақсат мырзаның айтуынша, көмек банктер немесе оператор арқылы емес тікелей көрсетілуі керек. Бұл оның жылдамдығын арттырады. Ал, оның аталмыш ұйымдар арқылы жасалуы бұл үрдісті ұзаққа созып жіберуі әбден мүмкін. Ұлттық қордың қаражатын тартудың жөні болмас, ол біздің келер ұрпаққа арналған жинап отырған ақшамыз ғой. Бұл шарада «Қазақстан халқына» атты қорды пайдалану өте тиімді болады. Сонымен қатар, үкіметтің осындай төтенше жағдайлар үшін сақтап отырған арнайы резервтік қорының қаржысы бар. Оның көмегімен де кәсіпкерлердің біраз шығынын толтыруға болады. Қазір халықта «Қазақстан халқы» қорына қатысты сенімсіздік бар. Сонымен қатар, қоғам кәсіпкерлерге көмектің де дұрыс жасалмайтынына, бөлінген қаржының қолды болу мүмкіндігіне алаңдаулы. Жалпы, шығынның дұрыс есептелмеуіне қатысты да күмән туындап жатыр. Мұның бәрін негізсіз деп айта алмаймыз. Бұл орынды. Өйткені, талай қорлардың жұмысы көз алдымызда құлады, көбінің қаржысы ұрланды, басшылары шетелге қашты. Талай бағдарлама бөлінген ақшаның талан-таражға түсуі салдарынан ақырына жетпеді. Жалпы, сыбайлас жемқорлық қай саланың болмасын жұмысын ақсатып тұр ғой. Сондықтан көршінің үйінде болған өртке бас үйітіп алу сынды пиғылға, яғни, осы қиын жағдайдан пайда көздеуге жол бермеу қажет. Бұл үшін алдымен кәсіпкерлердің шығындары дұрыс есептелуі керек. Бұл ретте олардың табыс салығына назар аударған дұрыс шығар. Толық болмаса да, бұл белгілі деңгейде кәсіпкерлерге келген шығынның ауқымын болжауға мүмкіндік берер. Ал жалпы көрсетілетін көмек ашық жүзеге асу керек. Ол үшін арнайы сайт құрылып, сонда қорға түскен қаржының оның қайда жұмсалғанын, жалпы қай кәсіпкерге қанша көмек берілгенінің есебі көрсетіліп отырғаны дұрыс. Бұл орын алуы мүмкін бармақ басты көз қысты әрекеттің, қаржының қымқырылуының алдын алуға белгілі деңгейде мүмкіндік береді. Қоғамдық тұрғыда бұған бақылау жасалуы керек. Жалпы, осы көмекпен кәсіпкерлер аяққа тұрып кетеді деп айту қиын. Қазір олар көп табысынан айырылып отыр. Сондықтан айналымдағы қаражатын арттыруға субсидия берілу керек шығар немесе арзан несие қарастырылып, оңайлатылған жолмен ұсынылуы керек. Тоқетерін айтқанда, кәсіпкерлерге көмек жасауға қатысты оның ашықтығын, жеделдігін, әділдігін талап ететін мәселе ауқымы кең. Олардың тиімді шешілуі тек шағын және орта бизнестің ғана емес, тұтас экономикамыздың даму деңгейін айқындайды. Өйткені, бұл сектор – еліміздегі миллиондаған тұрғындарды жұмыспен қамтып, ішкі жалпы өнімнің белгілі деңгейдегі өсімін қамтамасыз етіп, бюджеттің кірісін арттырып отырған экономиканың маңызды буыны.

Сондықтан түсіністік танытып, қолдау құзырлы орындардың ғана емес, еліміздің қалыпты дамуына мүдделі әрбір азаматтың парызы десек артық айтқандық емес. «Бетеге кетсе – бел қалады, бектер кетсе – ел қалады, берекең кетсе нең қалады?!» дегендей осы бір сын сәтте ынтымақта болу өсер елдің баласына тән ақыл-парасатымыздың деңгейін көрсетсе керек.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

ДИПЛОМДЫ КАДРЛАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫН ТОЛТЫРЫП ОТЫР?

Елдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарының көбі уақытша. Жаңа жұмыс орындарының дені негізінен төмен және орташа өнім беретін секторларда құрылады әрі олар уақытша сипатқа ие.

Институт следственных судей: история возникновения и развитие

В своем Послании народу Казахстана от 16.03.2022 года «Новый...

Реализация договоренностей ШОС

Премьер-Министр Республики Казахстан Олжас Бектенов принял участие в 23-м...

Кибербуллинг и цифровые угрозы: перед лицом опасности 

В Карагандинской академии МВД Республики Казахстан им. Баримбека Бейсенова...

Плата за безнаказанность

Осень выдалась тяжелой. Мы испытали шок от череды суицидов,...