Белгілі жазушы Дулат Исабеков қайтыс болды

Белгілі жазушы Дулат Исабеков 83 жасында өмірден озды.

Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті. Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын» деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов.

Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жазушы әр жылдары Қазақ ССР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақстан Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.

Дулат Исабеков – қазақ оқырманына кеңінен таныс шығармалардың авторы. Жазушының «Гауһар тас», «Дермене», «Перi мен Перiште», «Тiршiлiк», «Өкпек жолаушы», «Бiз соғысты көрген жоқпыз», «Қарғын» және басқа да кітаптары шыққан. «Шойынқұлақ», «Ақырамаштан наурызға дейiн», «Ескерткiш», «Социализм зәулiмi», «Конфронтация», «Талахан-186», «Бонапарттың үйленуi», «Ай-Петри ақиқаты», «Кемпiрлер», «Шалдар», «Тыныштық күзетшiсi» секілді шығармалары әр жылдары жарық көрген.

Дулат Исабековтің шығармалары бойынша «Гауһар тас» (1975), «Дермене» (1994), «Тауқымет» («Тiршiлiк» повесi бойынша, 1998), «Лоторея» («Ержеткенше» повесі бойынша, 2013), «Балуан Шолақ» («Жаужүрек» пьесасы бойынша, 2019) атты көркем фильмдер мен «Әпке» атты пьесасының негізінде телесериал түсірілген. Ол – түрлі сахналарда қойылып жүрген ондаған пьеса авторы.

Дулат Исабеков шығармалары ағылшын, француз, неміс, орыс және басқа да тілдерге аударылып, пьесалары түрлі елдерде қойылған. 2014

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дулат Исабековтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады.

Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды 

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары басталғалы елде 30-дан астам университет шабуылға ұшырап, салдарынан 60 студент қаза тапты.

Ұлттық жоба: Қай қалалардағы ЖЭО жаңғыртылады? 

Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға бағытталған жаңа ұлттық жоба аясында 11 электр станциясын жаңғырту және кеңейту жоспарланып отыр.

Кімдер автоматты түрде зейнетақы алады: БЖЗҚ түсіндірді 

Енді ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер өтінішсіз рәсімделеді. Жаңа тәртіп кімдерге қатысты екені белгілі болды.

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды 

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды.