12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандық оқушылар үшін III тоқсаннан бастап не өзгереді

2020-2021 жылдың үшінші тоқсаны 11 қаңтарда басталады, оқушылар мен студенттерге мектепке барып оқуға рұқсат етілді. 11 қаңтардан бастап Қазақстанда 9,11,12 сынып оқушылары аралас оқу форматына көшеді. Жоғары сыныптар пәндердің 70%-ін мектепте, қалған 30%-ін қашықтан оқиды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, үшінші тоқсан 2021 жылдың 11 қаңтарында басталып, 19 наурызда аяқталады.

Ата-аналардың пікірін ескеріп, жаңа жылдан кейін 9,11,12 сынып оқушыларына мектепке оралуға рұқсат етілді.

«Мен мұны өте маңызды шешім деп санаймын. Бұл шешім, ең алдымен, бірнеше айдан кейін қорытынды аттестация, яғни мемлекеттік емтихан тапсыратын балаларға қатысты. Олар тоғызыншы және он бірінші сыныптар. Оқушылар бағдарламаның 70%-ін дәстүрлі режимде және қалған 30%-ін қашықтан оқиды. Аралас оқыту дегеніміз осы», — деген еді білім министрі Асхат Аймағамбетов.

ҰБТ мен қорытынды аттестацияға кіретін пәндер мектепте оқытылады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы елордада аралас оқу форматы қалай жүзеге асатынын түсіндірген болатын.

Оффлайн өтетін сабақ кестесіне орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндері кірген.

Қалған 30 пайызы, яғни информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады.

Мектептерде сабақ арасындағы үзіліс әр сынып үшін әртүрлі уақытта белгіленеді. Сабақ ұзақтығы 30 минуттан аспайды. Үзіліс – 5 минут.

Сонымен қатар, Жаңа жылдан кейін мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, үшінші тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде балаларды дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі. Бірақ ол жердегі балалар саны 15 адамнан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, колледждер мен университеттердің 1-курс студенттері де II семестрден аралас оқу форматына көшеді.

«Қарапайым тірлік кешті». Тоқаев анасы туралы естелігімен бөлісті

Бүгін елімізде Аналар күні аталып өтіп жатыр. Осы айтулы...

Трамп Қытаймен келіссөздерде ілгерілеушілік барын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.