Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.

Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

3-5 жылда баспана тағы қымбаттайды – сарапшы 

Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасына қатысты болжамын айтты.

Қазақстанда мұғалімдерге қатысты заң қабылданды: Енді не өзгереді? 

Қазақстанда педагог мәртебесін күшейтуге бағытталған ауқымды заң жобасы Мәжілісте екінші оқылымда қабылданды.

Қандай бақбақты жұлуға тыйым салынған?

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев қазақстандықтарға қандай гүлдерді жұлуға болмайтынын түсіндірді.

Еуроодақ әлеуметтік желі қолданушыларына жас шектеуін енгізуді қарастырып жатыр 

Еуроодақ биыл жазда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеп, қолданушылардың жасын тексеру арқылы цифрлық кәмелет жасына қатысты бірыңғай ережелер енгізуі мүмкін.

Елордада 4 мыңнан астам күмәнді сайт бұғатталды 

SIM-карталарды заңсыз тіркегені үшін 4 адам ұсталды. Олардың қолынан қылмыстық схемаларда қолданылуы жоспарланған 400-ден астам SIM-карта тәркіленді.