4 қыркүйекте Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер болжамынша, дүйсенбіде Ақтөбе мен Атырауда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі. Бұл қалаларда метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеожағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.