12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Баланың телефонындағы ойын қауіпті ме?

Әлеуметтік желіде баланың әкесіне танымал Schoolboy Runaway балалар ойыны туралы айтып жатқан видеосы тарады. Астана тұрғыны қазақстандық ата-аналарға мұндай ойынның зияны туралы ескертуді жөн көрген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біз ол жерде тапсырмаларды орындаймыз: үйден достарымызға қашып барамыз, шатырдан шөпке секіреміз, сымның үстінде жүреміз, көлге түсеміз», — дейді бала.

Оның айтуынша, тапсырмаларды орындағаны үшін ойыншыларға ұпай беріледі, содан кейін достар бір-біріне ұпайын айтып мақтанады.

Баланың әкесі басқа ата-аналарға ескерту үшін дауыстық хабарлама жазып, оны тұрғын үйдің ортақ чатына жіберген.

ІІМ қауіпті балалар ойынына қатысты пікір білдірді. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ойындар балаларды тікелей өз-өзіне қол жұмсауға итермелемейді.

«Соңғы уақытта қазақстандықтардың мессенджерлерінде қауіпті ойындар туралы ақпарат тарап жатыр. Мұндай ойындар суицидке бейімделмегеніне қарамастан, олар үйден қашу, үлкендерді тыңдамауды романтизациялау қаупін тудыруы мүмкін. Бұл балалардың психикасына және олардың әлеуметтік нормалар мен ережелерді қабылдауына кері әсерін тигізеді», — деді Әлекешев ІІМ брифингінде.

Осыған байланысты ведомство кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне балаларды тәрбиелеу мен қадағалаудың маңыздылығын еске салады. Жалпы, әрбір суицид оқиғасы бойынша полиция балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген себептерді, сондай-ақ оған қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында соталды тергеу жұмыстарын жүргізеді.

«Құрметті ата-аналар, сіздерді баланың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын мұқият бақылауға шақырамыз. Олармен ашық сөйлесеңіз, олардың хоббиіне қызығушылық танытыңыз. Оларға сіздің қолдауыңызды сезінуге уақыт бөліңіз. Олардың көңіл-күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік шеңберіндегі өзгерістерге назар аударыңыз. Егер сіз қандай да бір белгілерді байқасаңыз, әңгімені кейінге қалдырмаңыз», — деді Шыңғыс Әлекешев.

Спикер кейде қарапайым көңіл бөлу мен қамқорлық қиын жағдайда шешуші фактор болуы мүмкін екенін атап өтті. 

5 шілдеден бастап заңсыз ағаш немесе бұта кескендерге айыппұл салынады

5 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енеді. Енді әрбір заңсыз кесілген ағаш немесе бұта үшін айыппұл төлеуге тура келеді.

Неке тіркеу статистикасы: қай ай көш бастап тұр?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2016 жылы бұл көрсеткіш шарықтау шегіне жетіп, бұл айда 16,9 мың неке қиылған.

Алматыда қандала неге қаптап кетті? Маман түсіндірді

Алматыда жөке (ағаш) қандалаларының жаппай таралуына қарсы жүйелі түрде биологиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қытай толассыз жауын-шашынға байланысты тағы ескерту жариялады

Қытайда толассыз жауын-шашын салдарынан болған жойқын су тасқындарынан кейін тағы ескерту жарияланды.

Оплот Независимости и гарант развития страны

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА – ВЕРХОВНЫЙ ГЛАВНОКОМАНДУЮЩИЙ ВООРУЖЕННЫМИ СИЛАМИ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ XI МЕЖДУНАРОДНОГО ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО СБОРА МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН».