12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҰРЛАҒАН САЛАФИЗМ

Соқыр сенімнің ықпалына кететін жастар көп. Содан болар, Солтүстік Кавказдағы қарулы қақтығыстарға аттанғандар ішінде мектеп оқушылары аз болмаған. Балалық шағын радикалды топтармен байланыстырып, бүгінде өмірден өз жолын тапқан «Бақыт» (есімі өзгертілген) есімді кейіпкерімізді өзгелерге сабақ болсын деген оймен сөзге тартқан едік.

– Бақыт, өміріңіздегі келеңсіз жайттар қай кезде орын алды?
– 2009–2010 жылдары басталған еді. Сол жылдары мен қатарлы жасөспірімдер ислам дініне қызығушылық танытты. Орыс мектебінде оқығандықтан, қазақшаға шорқақ едім. Діни білім алу үшін ақпараттарды орыс тілінде іздедім. Ол кезде орыс тілінде дұрыс бағытта уағыз айтатын лекторлар қазіргідей көп болмады. Тыңдайтыным – Саид Буряттың уағыздары. Бастапқыда бәрі жақсы еді. Жұмақ пен тозақ туралы уағыздар айтты. Алайда, уақыт өте келе жихад тақырыбындағы теріс уағыздар көбейді. Бұл Солтүстік Кавказдағы жағдай ушығып тұрған кез болатын. Көбіміз сол жаққа баруды жиһад деп түсіндік. Белсенділер әріптің артын бақпай-ақ Шешенстан, Дағыстан және т.б. орын алған қарулы қақтығыс аймақтарына кетіп қалды. Саид Буряттың айтқан уағыздарын тыңдағаннан кейін, қорқақ адамның өзі қолына қару алып соғысқа кеткісі келетін.
– Қарулы қақтығыс орын алып жатқан жерлерге кету ойыңызда болды ма?
– Несін жасырайын, басында мен де бауырларым секілді соғысқа кетуді ойладым. Баратын жолды зерттеп,
қаражат іздей бастадым. Жасым 17-ге енді ғана толған. Ол жаққа барғысы келгендердің көбі жасөспірімдер. Екі жылдай сондай ойда жүрдім. Жатсам да, тұрсам да ойлайтыным тек осы. Ол жаққа қалай кетуге болады? Сол уақыттарда қатты өзгере бастадым. Намаз оқымайтындардан алшақтап, тіпті ата-анамды иман келтірмеушілер қатарына қостым. Олардың берген тамағының өзі жарамсыз, харам деген ой санама беки түсті. Әрине, бұл қате пікір! Білімі жоқ адам осындай ойларға ойланбастан ұрынады екен.
– Мұндай лаңкестік және террорлық ұйымдардың қатарында қай өңірдің азаматтары көп еді?
– Негізінен ондай соғыстарға кеткен азаматтардың көбі Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарынан еді. Бір отбасының үш-төрт баласы бірге кеткен кездер болған. Уақыт өте ойлана бастайды екенсің. Мысалы, мені
күнде таң намазына оятып жүрген анам мен әкем қалайша кәпір болады? Екіойлы болып жүргенде 2009 жылы Қазақстандағы алғашқы лаңкестік оқиға орын алды. Өзін-өзі жарып жіберген 1989 жылғы Рахымжан Махатов та Ақтөбенің тумасы.
– ҰҚКД ғимаратында өзін жарып жіберген жанкешті ме?
– Иә! Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратында өзін жарған. Кейбіреулер біреудің ықпалымен жасаған дейді. Енді біреулер Рахымжанның өзі жасады деседі. Оны тіпті Алла әмірімен жасады деп те айтып жүрді.
– Сіз Рахымжан Махатовты жақсы таныдыңыз ба?
– Жеке таныстығым жоқ. Жарылыстан кейін ол туралы көп айтылып жүрді. Өз қатарыңдағы адамның елге
танылып, халықтың аузында жүруі бозбалаға айтарлықтай әсер ететіні белгілі емес пе? Менің де сөйтіп
«танымал» болғым келді. «Атың шықпаса жер өрте» дегенді осындайларға айтқан ғой қазақ. Ол тұста терең
ойлайтын сана қайдан болсын. Кіммен соғысу керек? Кімге қарсы соғысу керек дегенмен бас қатыратын едім.
Әйтеуір, көрінбейтін жау. Солтүстік Кавказға шақырғанда, онда Ресейге қарсы соғысу керек деп айтатын. Уақыт өте келе «киелі соғыс» дегеннің адастыру екенін түсіндім. Бұл дін үшін соғыс емес екен.
– Ғаламтордағы сайттарды пайдаландыңыз ба?
– Сайттарға қатысты хабарым аз. Орыс тілінде әлеуметтік желілерден ақпарат алдық. Көптеген уағыздар
болды.
– Олардың басқалардан айырмашылығы қандай еді?
– Мысалға олар ешқашан мемлекеттің басшылығына қарсы шықпайды. Керісінше, басшылыққа қарсы шықпау
керек деп әдейі насихат жүргізеді. Намаз оқымайтындарды кәпір деп айыптамайды. Олар кәлима айтқандарды мұсылман санатына жатқызады. Бірақ, күнәһар мұсылмандар ретінде көреді. Олар шариғат талаптарын орындамайды деп. Олар ата-ананы тастап кетуге қарсы. Туыстық қарымқатынастың үзілгенін де жақтырмайды. Ал әрі қарай қабылдау әркімнің өзіне байланысты.
– Надир Абу Халидты достарыңыздан тыңдаушылар болды ма?
– Болмады. Тек Надирды уақытша тыңдағандары болды. Бірақ, ол басында жақсы уағыздар айтып жүрді. Аяқ астынан «ДАИШ» лаңкестік ұйымына қосылып кетті. Оның террорлық ұйымға кетіп қалуы бәріміз үшін күтпеген жағдай еді. Әлбетте, оны тыңдаушылар бар! Ең таңқалатын тұсы ол басында байсалды болып көрінген. Олар да «салафилерміз» дегенмен, бір-біріне қарсы топтар. Бұлардың қауіптісі – тәкбіршілер. Араларында әлі танылмай жүрген уағызшысы болуы мүмкін. Мысалы Абу Мусаб дегені. Бірнеше рет осыны да тыңдағам. Ол барлық мұсылмандарды айыптайтын уағыздарды айтатын. Мысалға: «Мурджиттердің идеологиясы», «Ихуандардың идеологиясы» т.б. Бұдан кейін оларды байсалды деп айта алмайсыз. Осының бәрі, кейінгі кезде орын алған жағдайлар дінге қатысты пікірімді түбегейлі өзгертті. Адамның сенімімен ойнауға болмайды. Сенімнің қандай сергелдеңге салатынына біз куәміз. Сондықтан, дінге қатысты, жат ағымдарға қатысты ақпараттар көбірек болса екен, жастардың адасуына жол берілмесе екен деп тілеймін.
– Ой бөліскеніңізге рақмет!
Қадірәлі САРЫПБЕК

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...