Балаларды қорғау күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді

1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Семей қалалық пробация қызметінің қызметкерлері Мамандандырылған сәбилер үйінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Шара аясында бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, тәрбиеленушілердің тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында су жылытқыш сатып алынып, орнатылды.

Департамент бастығы әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев: “Балаларды қорғау күні – бұл жай ғана мереке емес. Бұл – біз, ересектер үшін өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті еске салатын күн. Біз, ҚАЖ қызметкерлері, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуді, оларға жылу мен мейірім сыйлауды азаматтық парызымыз деп білеміз. Балалардың өмірінде жарық пен жайлылық көбірек болсын. Бұл – болашаққа қосқан ортақ үлесіміз”, деп мұндай игі істерінің маңыздылығын атап өтті.
Мекеме ұжымы атынан сөз алған мекеме директоры Ербол Қапанұлы: “Біздің орталықта 0-ден 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде. Қазіргі таңда 47 бала есепте тұр, оның ішінде 19 бала тұрақты негізде бізде тұрады. Мұндай шаралар балаларға ерекше қуаныш пен назар сыйлайды. Біз ҚАЖ қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы мен ықыласы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз»- деді.
Осындай дәстүрлер тек балаларды қолдап қана қоймай, қоғамды да қайырымдылық пен мейірімге шабыттандырады. Мұндай акциялар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...