12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БАБАДЖА ХАТУН КЕСЕНЕСІ: ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЖАУҺАРЫ

          Бабаджа Хатун кесенесі – Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіші. Ол Жамбыл облысында, Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта, Айша Бибі кесенесінің жанында орналасқан. XI–XII ғасырларға жататын бұл кесене Орталық Азиядағы архитектуралық өнердің дамуының көрнекті үлгісі.

          Кесене қарапайым, бірақ ерекше композициясымен және сәндік элементтерінің аздығымен ерекшеленеді. Оның өлшемдері 6,8х6,8 метр, ал қабырғаларының қалыңдығы 1,23 метрге жетеді. Күйдірілген кірпіштен салынған құрылыс мұқият есептелген технологиямен салынған. Бабаджа Хатун кесенесінің басты ерекшелігі – оның 16 қырлы конус тәріздес күмбезі. Бұл құрылыс элементі сол замандағы сәулет өнерінде сирек кездесетін құбылыс болып саналады. Кесененің күмбезі антисейсмикалық құрылым ретінде де маңызды, өйткені ол күшті жер сілкіністеріне төтеп бере алады.

          Кесененің сыртқы безендірілуі қарапайым, бірақ ғимараттың үш қасбетінде бойтұмарлар мен қуыстар өрнектелген. Басты қасбетте парапет қабырғасы орналасқан. Мұнда бұрынғы арабша жазу сақталып, кейбір деректерде Бабаджа Хатунның есімі мен кесененің құрылысшысы туралы ақпарат бар болған, бірақ қазіргі уақытта бұл жазу сақталмаған.

          Бабаджа Хатун кесенесінің құрылысына арша ағашы қолданылған. Бұл ағаштың ерекшелігі – оның құрттамайтын, шірімейтін және түрлі табиғи әсерлерге төзімділігі. Сәулетшілер арша ағашының осы қасиеттерін жақсы білген және оны құрылысқа кеңінен пайдаланған. Осылайша, Бабаджа Хатун мен Айша Бибі кесенелеріндегі арша бөренелері ғасырлар бойы сақталып, ғимараттардың мықтылығын қамтамасыз етіп келген.

          Кесене туралы алғашқы зерттеулер XIX ғасырдың соңында басталған. 1897 жылы В. Каллаур, 1938 жылы А. Бернштам, ал 1953 жылы сәулетші Т. Басенов кесенені зерттеп, оның архитектуралық және тарихи маңыздылығын анықтады.

          Қалпына келтіру жұмыстары бірнеше рет жүргізілген:

— 1947 жылы сыртқы қабырғалардың бұзылған жерлері жөнделді.

— 1979 жылы күмбезі толықтай қалпына келтірілді.

— 2002 жылы «Қазқайтажаңғырту» мекемесі кесенені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

          1982 жылы кесене сәулет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынды.

          Бабаджа Хатун кесенесі өзінің тарихи және мәдени маңыздылығымен қатар, ортағасырлық шеберлердің инженерлік және сәулет өнерінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Бұл кесене қараханидтер дәуірінде қалыптасқан діни және рухани құндылықтардың символы болып табылады. Оның құрылысы сол кезеңдегі құрылыс технологиялары мен архитектуралық шешімдердің күрделі әрі озық болғанын дәлелдейді. Бабаджа Хатун кесенесі мен Айша Бибі кесенесінің қатар орналасуы, екі тарихи тұлғаның бір-бірімен тығыз байланысын көрсетіп, халқымыздың мәдениеті мен аңыздарына терең үңілуге мүмкіндік береді.

          Бабаджа Хатун кесенесі Айша Бибі туралы аңызбен тығыз байланысты. Аңызға сәйкес, Бабаджа Хатун Айша Бибінің күтушісі болған және оның қайтыс болғаннан кейін кесененің шырақшысы ретінде өмір сүрген. Бабаджа Хатун қайтыс болғаннан кейін Айша Бибінің кесенесіне жақын жерде жерленген.

          Бұл ескерткіш – Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның ортағасырлық сәулет өнерінің ерекше үлгісі. Кесененің сақталуы мен оны қалпына келтіру жұмыстары біздің ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Бабаджа Хатун кесенесі – ежелгі сәулет өнерінің биіктігін көрсететін ескерткіштердің бірі және ол Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын айшықтайды.

                                                 Айжан ӨЗБЕКОВА

Материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....