12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ КӨПТЕП ОРНАТЫЛУЫН ҚОЛДАЙСЫЗ БА?

Соңғы кездері қала көшелерінде бақылау камералары күрт көбейді. Алайда көпшілік бақылау камералары адымын аштырмай, айыппұлмен қадағалап отыруына наразы. Неге? Мәселенің байыбына тереңірек үңіліп, мамандардың пікірін таразылап көрген едік.

Ирак ЕЛЕКЕЕВ, заңгер:

– Қоғамда бастысы тәртіп болуы керек. Қоғамдық орында тәртіп бұзса жазасыз қалмайтынын көлік жүргізушілері түсінуі қажет. Біреуді қағып кетіп, бой тасалап қашып кететін кезден өттік. Оның үстіне дамыған ақпараттық технологияның игілігін пайдалану заман талабы. Алайда айыппұлдардың көлемін бірден жоғары қоймау қажет. Өйткені қоғамда түрлі санаттағы адамдар бар.

Шыны керек, бізде жол-патрульдік полициясы қызметкерлері жол-көлік оқиғасының алдын алатын маманнан бұрын жазалаушы секілді әсер қалдырады. Себебі қоғамда сондай түсінік басым. Жол полициялары тоқтатса, сізге ескерту айту үшін, қандай да бір заң бұзушылықтың алдын алу үшін емес, айыппұл салып, жазалау үшін тоқтатып жатқандай әсер қалдырады. Бақылау камераларына да сондай түсінік қалыптасқан. Айыппұлдар басында қалта көтерерліктей болып, уақыт өте көлік жүргізушілері бірнеше рет заң бұзған жағдайда айыппұлды еселейтіндей жолдарын қарастыру керек. Яғни абайсыздан заң бұзған тәртіпті көлік жүргізушісі мен жылдамдықты қасақана арттырып, айыппұлды шыбын шаққан құрлы көрмейтін байдың ерке баласына жаза екі түрлі болғаны дұрыс. Тіпті бірнеше рет қайталаса көлік жүргізу құқығынан айыратындай болса, бәрі әділ болар еді.

Кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласы мен Бурабайдың арасында өз бақшасының өнімін сатып тұрған екі әйелді көлік қағып өткен. Төрт жолақты кең жол, көлік те көп емес, бірақ жылдамдықты арттырудың салдарынан рөлдегі жап-жас жігіттер осындай жағдайға себеп болып отыр. Жаздай өз ауласының өнімін шай-пұлы үшін жинап, сатуға шығарған, күнкөріспен жүрген қарапайым адамдардың қаны жазықсыз төгіліп жатыр. Сондықтан тәртіп болуы үшін бейнебақылау камералары керек. Бірақ одан жаппай көлік жүргізушілері емес, ереже бұзғыш көлік жүргізушілері ғана зардап шегуі керек деп санаймын.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, адвокат:

–Заңгер болғандықтан біз ең алдымен кез келген нәрсенің заңға қайшы келмеуін назарға аламыз. Осы тұрғыдан келгенде қызметі сан салалы «Сергек» мамандардың оң бағасына ие. «Сергек» жылдамдықты арттыру, қызылға өту, жол белгілері мен жолақтарының талаптарын бұзу, рұқсат етілмеген жерде тоқтау мен тұру және автобус жолағымен жүру сияқты ереже бұзушылықтарды тіркеп, көлік иесіне айыппұл жазып бере алады.

Демек наразылық танытушылар жоғарыда аталған ережелерді бұзуға пейілді болып отыр ғой. Ендеше неге біз олардың пікіріне құлақ түруіміз керек?!

Мен еліміздегі айыппұлдарды да соншалықты жоғары деп айта алмас едім. Егер ереже бұзған соң айыппұлды 7 тәулік ішінде төлесе, онда жазылған айыппұлдың 50 пайызын төлейді. Ал 7 күннен кейін төлесе, онда жазылған айыппұлды толық өтеуге тура келеді. Яғни қалтасына салмақ салса 7 күннің ішінде төлесін, содан соң екінші қайталамасын. Өз басым көлік жүргізушілерін тәртіпке салуда жобаның маңызы зор деп санаймын. Ал 30 күн ішінде төлемеген жағдайда аймақтық жеке сот орындаушыларының палатасына өтеді. Ары қарай есепшоттарды бұғаттау, жылжымайтын мүліктерді арестке қою сынды өтеп алу әрекеттеріне ұласып кетеді.

Жалпы, жүйе тиімді ойластырылған. Аталмыш камералар 20 метрден 100 метрге дейінгі қашықтықты алыстан түсіре алады. Яғни бұзақылық, қылмыстық әрекеттерді де дер кезінде әшкерелеуге мүмкіндік бар. Қазір камераларды «біреудің бизнесі», «мемлекетті байыту үшін» деген секілді пікір айтқыштар көбейді. Мәселе бұл жерде айыппұлдар кімнің қалтасына түсетінінде емес, көлік жүргізушілерін тәртіпке шақыру мақсатында екенін түсінуіміз керек.

Бірақ көлік жүргізушілеріне мұндай талап қойғаннан кейін, олардың да талабын ескеруіміз керек. Көшелердегі тығын, жол сапасы мәселесінің айтылып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Сондықтан айыппұлдардан түскен қаржыға есеп беріліп, бір бөлігі нақты осы олқылықтарды оңалтуға жұмсалып отырса деген тілек бар.

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...